Home » Жаңалықтар » «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» қысқы спартакиада

«Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» қысқы спартакиада

 Тәрбиеші: Армысыздар ата-аналар,  балалар, тәрбиешілер.
Тәні саудың жаны сау,
Жаны саудың дені сау – демекші спорт әлеміндегі ең қызықты дәстүрлі спартакиаданы бастаймыз.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт — досың серігің
Жаттықсаң шымыр боларсың
Шынығып өсіп толарсың
Тәрбиеші: Біздің сайысымызға қатысқалы отырған командалар өздерінің  жылдамдықтарын, ой өрістерін, күш жігерлерін көрсетуден күш сынасады.
Сондықтан біраз денемізді шынықтырып алайық.
Ж.Д.Ж «Шынықсаң шымыр боласың»
Тәрбиеші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:
«№1 Балабақша» меңгерушісі: Төлегенова М. Т
Балабақша әдіскері: Балабекова Р.З
Балабақша мед.бикесі: Олжабаева Ә.
Тәрбиеші: Сайысымызды бастамас бұрын ант қабылдау рәсіміне кезек берейік:
— осы жарысқа қатысып, ережелерді сақтауға және қарсыласты құрметтеуге ант етеміз.
— Өз командамның абыройын сақтау үшін шынайы сайысуға ант береміз.
Тәрбиеші: Чемпион болу оңай ма?
Арман болып талайға ,
Болмасаңда ұқсап бақ.
Жарысқа түсіп қалайда.
Таныстыру (топтың аты, ұраны)
1-эстафета: “Тату отбасы”
— папасы  межені айналып келеді
— мамасының қолынан ұстап, межені айналып келеді,
— папасы, мамасы баласының қолынан ұстап межені айналып  келеді.
2 — эстафета: «Отбасылық биатлон»
— папасы екі аяққа обручты киіп межені айналып келеді
— мамасы тура солай межені айналып келеді.
— баласы қос аяқпен секіріп айналып келеді.
3 — эстафета: «Жүйріктер»
— папасы таяқшаны қылтасына қойып секіреді
— мамасы обручпен секіреді
— баланы папасы мен мамасы шанаға отырғызып, межені айналып өтеді.
4 — эстафета: «Қорқақтар хоккей ойнамайды».
5-эстафета: «Кім жылдам?»
Папасы мен мамасы кезекпен шанаға отырып, аяқпен шананы сырғаната отырып межеге барып артқа қайтады. Баланы шанаға отырғызып сүйрейді.
6-эстафета: «Кім шапшаң?»
Обруч пен таяқшалардан күн жасау.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылар сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз отбасы-деп әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Осымен бүгінгі отбасылық спартакиадамыз аяқталды.
Сау болыңыздар!

 

 

Тилеген Айгул,
Ақкөл қаласы МКҚК «№1 Балабақша»
Ересек топ, І ші санатты тәрбиеші

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.