Жақында Павлодар қаласының №20 балабақшада «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорт сайысы ұйымдастырылды. Мерекеге балабақша басшысы, әдіскер және барлық топтар қатысты. Ойынның әділ-қазылар құрамына: балабақша басшысы Гүлнәр Шаменовна мен тәрбиешісі: Бақыт Смағұловна сайланды.
Сайысқа үш отбасы: Шабамбаевтар, Аблезовтар, Мұратбековтар отбасы қатысты. Жарыс 6 бөлімнен тұрды. «Менің жанұям», «Желаяқтар», «Теңге ілу», «Арқан тарту», «Қол күресі», «Қаппен секіру».
Қызықты ойынның бірі — «Арқан тарту» болды. Бұл ойында барлық қатысушы отбасылардың шеберлігі, ептілігі, іскерлігі, шапшаңдығы, ұйымшылдығы көрініс берді.
Іс-шара сайысқа қатысушыл отбасылардың достығын қарым-қатынасын нығайта түсті. Бірінші орынды — Аблезовтар, екінші орынды — Шабамбаевтар, үшінші орынды — Мұратбековтар иеленді.
Жарыс соңында барлық отбасы командалары Мадақтама қағаздармен марапатталды. Ал, балаларға тәтті сыйлықтар тарту етілді.
Зауреш Дуйсетаевна ДЖОЛДАСБЕКОВА,
№ 20 сәбилер бақшасы,
Кенжекөл ауылы,
Павлодар қаласы