Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында Григорьевка негізгі жалпы білім беру мектебінде Тәуелсіздік күніне орай бірнеше іс-шаралар өткізілді. Өскелең ұрпақта патриоттық сезім қалыптастыру және отбасылық ынтымақтастықты күшейту мақсатында спорттық «Толағай» және «Асық ату» сайыстары өтті.
«Толағай» ойынына 1-4 сыныптар оқушылары мен ата-аналары қатысты. Бұл жердегі мақсатымыз – балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, мектеп пен отбасының бірлігін нығайта түсу, ептілікке, батылдыққа шымыр болуға тәрбиелеу. Қатысушылар екі топқа бөлініп, сайыстың бірнеше кезеңдерінен сүрінбей өтті. Екі топ та ойынға белсене қатысып, араларынан жеңімпаз анықталды. Бірінші орынға «Сұңқар», екінші орынға «Тұлпар» топтары ие болды.
Ұлттық және отбасылық тәрбие «Асық ату» ойынында да жалғасын тапты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық ойыны мектебімізде алғаш рет ұйымдастырылды. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей, сайысқа 4-7 сынып ұлдары мен әкелері аса зор қызығушылықпен қатысты. Сайыс барысында «Бәйге», «Алшы», «Ханталапай», «Омпы» сияқты ойын түрлері көрсетіліп, қатысушыларды да, көрермендерді де тамсандырды. Ойынның соңында Канжигалиновтар отбасы бірінші орынға ие болып, мадақтау грамотасымен марапатталды.
Жакиенова Ж.А.,
Григорьевка негізгі жалпы білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
Павлодар облысы