Әке, бүгін сенің туған күнің,
Есімнен мәңгі кетпейсің.
Әкешім, сені сағынып,
Еске алады ұл-қызың,
Немере мен шөберең.
Тұңғиық тұнық көзіңнің,
Сағындым, әке, қарасын.
Енді өзіңдей, жан әкем,
Кім маған күлімдеп қарасын?
Сағынып үйге келгенде,
Тентегім, қара қызым деп,
Еркелетер кім енді?
Көңілім құлазып, жан әкем,
Өзіңді іздеп жылаймын,
Қасыма енді келмейсің,
Маңдайымнан сүймейсің,
«Айналайын, қызым» деп,
Бауырыңа енді баспайсың.
Сағынып, әке, өзіңді,
Өзіңмен өткен әр күнді
Жүрегім жалын болып өртенді.
Қиналған енді сәтімде
Өзіңдей болып, жан әке
Күш-қуат, ақыл-кеңес берер кім?
Карымсакова Айшагуль,
№39 Хиуас балабақшасы,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы