Home » Білім және тұлға » Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді

Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді

Жаныңда жүр жақсы адам жобасының бүгінгі кейіпкері — өз ісін жетік білетін, тәжірбиелі маман, № 1 мектеп-гимназиясы  директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Стамбекова Жазира Курмангалиевна. Ол 1984 жылы 29 желтоқсанда  дүние есігін ашқан. Балалық шағы өзі туып-өскен  Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында өтеді. Сол ауылдағы Ж.Бусаков атындағы орта мектепті 2003 жылы ойдағыдай аяқтап, 2004 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Полиграфия» мамандығына оқуға түседі.  Университетті 2008 жылы аталған мамандық бойынша аяқтап, еңбек жолын Алматы қаласындағы № 5 кәсіптік лицейінен бастайды. Өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруды жанына серік етіп жүретін  ұстаз, техникалық білімін педагогикалық біліммен ұштастыру мақсатында 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алады. 2013 жылы оқуды бітіріп, «Педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алып шықты.
Педагог Жазира Стамбекова тәжірибесімен бөлісу негізінде үнемі еліміздің ғылыми-әдістемелік басылымдарына еңбектері жарыққа шығып отырады. Бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен бағындырған асулары аз емес. «Ұлағатты ұстаз» құрмет грамотасымен тағы да сынды осындай мараппаттары жетерлік. Ақпарат дамыған дәуірде интернет порталдарына , бірнеше газет-сайттарға мақалаларын жиі жариялап тұрады.
Жазира Курмангалиевна – қызметі мен отбасын қатар алып жүруді жөн санайды. Себебі әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Әулетте асыл жар, ардақты ана, сыйлы келін және ақылшы абысын. Өз баласына да дұрыс тәрбие беру үшін де күнделікті ізденіс жасайды. Қазіргі таңда, екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.
№ 1 мектеп-гимназиясына 2017 жылдың қаңтар айынан бері директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Білікті маман мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жоғары деңгейге көтере отырып, ұстаз мәртебесін арттыруды  мақсат тұтып келеді. Бүгінде еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім беру болғандықтан, бар күш-жігерімізді аямай еңбек етуге тырысамыз дейді кейіпкер.

Гүлия Айтуғанова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.