Home » Жаңалықтар » Әз Наурызым – салт–дәстүрім!

Әз Наурызым – салт–дәстүрім!

2018 жылдың 15 наурыз күні Әз Наурыз қарсаңында №1 «Көктем» бөбекжайы ұжымының ұйымдастыруымен №1 «Көктем», №10 «Ұшқын» және №14 «Балдырған» бөбекжайлар арасында ата – аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен қалалық «Үздік ауыл» байқауы өтті.

Бұл күні ауа райы да ерекше, ақ маржан моншағын шашқандай қар жауып тұрды. Қардың жауып тұрғанын жақсы ырымға жорыған.Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығын наурыздың ақ қарына теңестіргенін естуім бар.

Міне, осы ойыммен бүгінгі үлкен іс-шараға қатысушы жас ата-аналар: Дананың әкесі – Әлмен Қуандық, Темірланның анасы — Ахметова Гүлзада, Әмірдің анасы — Байысова Аяулым,Нұрсұлтанның анасы – Кудебаева Аяулым, Толғанайдың анасы мен әжесі – Сахиева Гүлден мен Сұлтанова Алтыншаш және Асылымның әжесі Сейдуалиева Бақытжанның жүздерін көргенде қуаныш оты, бір – біріне деген көңіл-күйі, Әз Наурызға деген қызығушылығы, құлшынысы артып тұрды. «Наурыз» — бұл «Жаңа күн», «Амал күн», «Жыл басы» делінген. Табақ – табақ ет, қазан-қазан наурыз көже, бауырсақтар мен тәттілер таратылып, төс қағысып, жақсы игі тілектермен ырым сөздерін, сәлемін жеткізе білген. Бұл қыстан аман-есен шықтық, күн нұрына бөлендік деп, Жаңа жылды қарсы алып мерекелеп тойлаған. Көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы. Бұл күн қазақ халқының салт- дәстүрін, ұлттық қасиетін көрсететін үлкен мейрам.

«Ұлытау» ауылы, «Ынтымақ» ауылы және Қазыбек би атамыздың 350 жылдығына орай, Айгүл Дюсенбаева басшылық жасап отырған №14 «Балдырған» бөбекжайы «Қазыбек би» ауылдары сайыстың шартына қарай өз өнерлерін көрсетті. 1. Ауылдың атын таныстыру. 2. Кигіз үй жабдығының жасалу жолын көрсете түсіндіру. 3. Қазақтың ұлттық ойыны. 4. Өз өңері. 5. Қазақтың салт-дәстүрі.

Біздің «Қазыбек би» ауылы Қазыбек бидің 350 жылдығына арнап, кигіз басу технологиясын көрсетіп, балалар мен «Ханталапай» ұлттық ойынын ойнатып, келіндеріміз мың бұрала «Әлқиса» биін билеп және «Тоқым қағар» салт-дәстүрін нақышын келтіре сомдап ойнап, әділқазы алқасымен көрермендерді таң қалдырып, жүлделі І орынды қанжығамызға байлап, мәз-мәйрам   болып бөбекжайға оралдық.

Кисибаева Светлана Кундизбаевна,
Жезқазған қаласы,
КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайы әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.