Жақсылықты жалғайтұғын үмітпен,
Самарқанның көк тасын да жібіткен,
Жаңа жылдың, жаңа күннің бастауы,
Наурыз келді, арылалық күдіктен.
Араздық та, өкпе-реніш тыйылсын,
Кең далаға елдің бәрі жиылсын.
Ортамызға мол дастарқан жайылып,
Наурыз көже молынан бір құйылсын.
Кешіріңдер бір-біріңнің қатеңді,
Өшіріңдер, араздық та жат енді.
Құрмет көрсет, ардақ тұтар анаңа,
Алғыс айтып, ризала әкеңді.
Құттықтағын аға-іні, бауырды,
Кіндік кескен, туып –өскен ауылды.
Құттықтасаң кезіктірген баршаны.
Ерекше бір күй бөлейді жаныңды.
Бір-біріңе жылы лебіз арнаңдар!
Ұлы тойдан бәрің қалыс қалмаңдар!
Сәбилерге түрлі сыйлық сыйланып,
Орындалсын Наурыз күні армандар!
Жаңабай Нұрсұлтан
Атырау қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы