Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Ауыл тіршілігіне деген қызығушылығын арттыру. Тіл байлығын, сөздік қарым-қатынастарын дамыту. Үй жануарларын ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, үйрету, көрсету.
Сөздік жұмыс: Әже, ою-өрнектер, киіз үй, сиыр, қой, жылқы, түйе.
Шаттық шеңбері.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған, Жер-Ана
Сәлем саған, Нұрлы Күн
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілі неше айдан тұрады?
— Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?
Әсем музыка әуені ойнайды.
— Балалар, бәріміздің әжелеріміз бар ма?
— Әжеміз алыста ауылда тұрады.
— Сендер әжелеріңді сағындыңдар ма?
— Олай болса, әжелеріміздің ауылына қонаққа барайық. Қане, бәріміз көзімізді жұмып ұшқыш кілемге отырайық. Ұшып келе жатырмыз, төменде биік таулар, салқын самал жел. Ауылға да келіп қалдық.
- Абайлаңдар, құлап қалмаңдар. Анау тұрған әдемі үй, біздің әжеміздің үйі шығар. (көздерін ашады). Балалар көздерін ашқанда алдарында әже тұрады.
Әже: — Қайдан келді бұл балалар?
Амансыңдар ма, шырақтарым.
Әже өз ауылының жабдықтарымен таныстырады. Балалар, қараңдаршы, мынау киіз үй. Ата-бабамыз көшпенді кезеңде көп пайдаланған, қазір де бар. Бұл үй – биік, кең, жиналмалы, құрастырмалы. Бұндай үйлерде ертеректе ата-әжелеріміз тұрған. Балалар әжелеріне арналған тақпақтарын айтады.
Камшат:
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріңе.
Әжем менің, ақ әжем,
Көп жасаған, жан әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Бір сүйгені дәрі әжем.
Алмас:
Менің әжем бал әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.
Әжем менің жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Таяғына сүйеніп,
Аман-есен жүр, әжем.
-Балалар, сендер қандай үй жануарын білесіңдер? (балалардың жауабын)
Жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Кезекті бір жануар, Басында екі таяғы бар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе) Төрт аяғы сақалы бар. (Ешкі)
Өріске ерте өреді,
Біздерге сүт береді. (Сиыр)
Д.о. «Үй жануарларының төлін тап»
Сергіту сәті.
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Суретпен жұмыс. «Орамалды әшекейлеу»
Балалар әшекейлеген орамалды әжеге сыйлайды.
- Балалар оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге ризамын.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Ұшқыш кілемге мініп, қалаға оралу.
Күтілетін нәтижелер:
Нені білді: Туыстардың жақындығын, отбасындағы әженің орнын білді.
Нені игерді: Ұлттық жәдігерлер туралы мағұлмат алады.
Туманбаева Анар Дуйсеновна,
№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,