Home » Ашық сабақтар » Әжеме арналған түрлі түсті моншақ. Бекова Құралай Таңатқызы

Әжеме арналған түрлі түсті моншақ. Бекова Құралай Таңатқызы

Мақсаты: Түстер туралы түсініктерін нақтылау. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сүрткіш, желім, ақ қағаз, үлестірмелі материалдар, түрлі моншақтар.

Сөздік жұмыс: Моншақ.

Билингвальды компонент: ана(мама), әже(бабушка), моншақ (бусы).

Сабақтың жүрісі:                                                                

Шаттық шеңбері:

Біз – әдепті баламыз

Біз – ерекше баламыз

Қонақтарды көргенде

«Сәлеметсіз бе!» деп

Амандасып аламыз.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Балалар: 8 наурыз.

Педагог: 8 наурыз кімнің мерекесі?

Балалар: Аналардың, әжелердің мерекесі.

Ал, сендер әжелеріңе арнап сыйлық жасағыларың келе ме?

Балалар: Иә, келеді.

Осы кезде есік қағылып, жел келеді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге қонаққа келдім. Сендер маған моншақ жасап бере аласыңдар ма?

Балалар: Иә, жасап бере аламыз.

-Солай болса, әжей сіз төрге жайғасыңыз. Балалар, сізге арнап моншақ жасап береді.

Сөздік жұмыс: «моншақ», балалар қайталайды. Моншақты неден жасасақ болады?

Балалар: түрлі-түсті дөңгелектерден.

-Дұрыс айтасыңдар, түрлі-түсті дөңгелектерден жасайық. Бізде қандай түстер бар? Осы дөңгелектердің түстері бойынща тізбектеп дөңгелетіп жапсырамыз.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз

                     Қолды белге қоямыз

                      Бұрыламыз оңға бір

                      Бұзыламыз солға бір.

-Балалар, әжемізді қуанту үшін моншақтарды әдемілеп тізбектеп жапсырайық. Әжеміз мереке қарсаңында қуанып қалсын.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалар әжемізге арнап білетін тақпақтарымызды айтайықшы.

Мәди: Шуағыңды сеуіп

Жайнашы, сен әже              

Жұлдыздарың сенің

Айналады, әже.

Сезім: Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша

Менің әжем тамаша.

Мұхамбет: Ұл, қызыңа ертең

Немереңбіз, әже

Немереңнен өрген

Шөбереңбіз, әже.

-Ой, жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, сендердің мына жасаған жұмыстарыңды тақтаға ілейік. Әжеміз қай моншақ ұнады екен?

Тақтаға ілеміз.

Әжей балалардың жасаған жұмыстарына риза болып, балаларға рахметін айтып, қоштасып шығып кетеді. Ұнаған моншақты ала кетеді. Балалар, әжемен қоштасайықшы.

Балалар: Сау болыңыз әже!

Сабақты қортындылау:

  • Балалар, біз бүгін немен айналыстық?
  • Моншақтарды неден жасадық?
  • Моншақтарды кімге арнап жасадық?

Балалар: Әжемізге арнап түрлі-түсті дөңгелектерден жапсырып моншақ жасадық.

-Жарайсындар, балалар. Сендер өте әдемі моншақтар жасағандарың үшін, сабаққа белсене қатысқандарың үшін рахмет айтамын.

-Сабағымыздың соңын ойынмен аяқтаймыз. Балалар, сендермен ойнағым келіп тұр.

«Әдемі гүлдер» ойынын ойнаймыз. Балалар, сендердің қолдарыңда қызыл, сары, жасыл, көк, көбелектер бар. Қазір мен қолымдағы түрлі-түсті гүлдерді шашамын, ал сендер қолдарыңдағы көбелектің түсіне сай оны гүлге орналастырыңдар.

 

Бекова Құралай Таңатқызы

«Айназ» балабақшасы, тәрбиеші

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Жетібай ауылы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.