№8 «Көгершін» ортаңғы тобының
22-Қыркүйек «Тіл» мерекесіне арналып ұйымдастырылған
ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі.
Тәрбиелік: Қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ҚР мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар, тіл туралы жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
Асыл сөздің атасы Ақын болар ұрпақпыз Өнер-білім еңбекке Жақын болар ұрпақпыз Саусағы майысқан Шебер болар ұрпақпыз. Тұла бойы толған күш Батыр болар ұрпақпыз.
Тәрбиеші: Балалар, біз Қазақстан Республикасының «Ән ұранын» орындайық
Тәрбиеші: Балалар, ҚР Президенті Кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Балалар: Қазақстан Республикасының рәміздері қалай аталады?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз айларын атаңдаршы?
Балалар: Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
Балалар: Бүгін – 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Тәрбиеші: Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
Тәрбиеші: Балалар, сендер тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Ханшайым:
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Аңсар А:
Ана тілім – бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Өз тілімде ән шырқап
Тербетіліп балқыдым.
Нұрайым:
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Аруна:
Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Қазбек:
Өсірген ой-білімді
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Аян:
Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем.
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем.
Давид: Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер,
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, Солға қарады,
Допты не деп ойлады?
Үлкен тау деп ойлады.
Үйткені құмырсқа кішкентай. (Осы айтылған сөздерді қимыл-қозғалыспен көрсетіп тұрады).
Дидактикалық ойын: «Кім зерек»
Ойын шарты: Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.
Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Ханшайым:
Өнер алды қызыл-тіл.
Ансар А:
Тіл қылыштан өткір.
Дания:
Тіл тас жарады Тас жармаса бас жарады.
Исмайыл:
Басқа пәле тілден.
Қорытындылау:
Балалар, біз бүгінгі мерекелік оқу қызметімізді қорытындылай келе нені білдік?
- Қандай мереке екенін білдік.
- Қ.Р: Рәміздерін білдік.
- Жыл мезгілдерін атадық.
- Қазір жылдың қай мезгіл екенін білдік.
- Мерекеге байланысты тақпақтарымызды айттық.
Балаларды мақтап, мадақтау.
Балаларға жұлдызша тарату.
Ал, балалар, енді қоштасу шеңберіне тұрайық.
Қоштасу шеңбері:
Дөңгелектеп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрамыз.
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған ашық оқу қызметіміз өз мәресіне жетті.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: Өз елінің ұлттық құндылықтарын.