Home » Жаңалықтар » Әдептілік  — әдемілік

Әдептілік  — әдемілік

Ізгілік – бір биік үй мұнарасы,
Алқызыл жайнап өскен гүлбақшасы,
Әдебің сол гүл өскен жасыл алқап,
Сол үйдің не болмаса ірге тасы.

Ахмет Иүгнеки

 

Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келген.  — Ұрпақтан-ұрпаққа  бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» — деп халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиені асыл   сөз маржандарымен  жүйелі жеткізе ой толғайды. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесімін  тауып отыр.

Осындай  дәстүрлерімізді дәріптеп, қыз баланың  бойына  нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, әдептілік пен әдемілік сіңіру,білімді қазақ қызына лайық болуға үйрету мақсатында әл-Фараби атындағы №14 мектеп –гимназиясында  ҚБББ-нің жылдық жосарына сәйкес «Әдептілік  -әдемілік ережесі» тақырыбында 9-10сынып   кездесу –жиын өтілді. Кездесу жиынға еліміздің көркі, иманды да инабатты, сұлу да көркем, сүйкімді қыздарымызға өздерінің ұлағатты, аналық  кеңестарін беру үшін зейнеткер ұстаз, қаламыздағы әжелер алқасының төрайымы -Салтанат Атабекқызы, зейнеткер ұстаз, қаламыздағы әжелер алқасының мүшесі — Сағындықова  Айзада, «Жастар»  ресурстық орталығының маманы, қалалық балалар емханасының психологы  — Мамуджанова Махаббат  шақырылды.

Кездесу –жиында «Бүгінгі қыз – ертеңгі ұлт  келешегі» тақырыпқа шолу жасалып  мақсаты түсіндіріліп, бейне –роликтер көрсетілді.Шығармашыл сынып жетекші Фазилова Әйгерім мен  мектептің психологы  А.Ермашова  «Қазақ  қызы әдептілігімен  сүйкімді» тақырыбында  қыздарды топқа бөліп, әр топқа тақырыпқа сай   топттық  жұмыс  беріліп,   қатысушы қыздар өздерінің  ойын қазіргі кездегі қыздарға тән  әдептіліктері туралы еркін жеткізіп , тақырыптың мәнін толық ашты.Содан соң мектептің психологы   С.Нұржанова  қыздырдың қолынан кестеленіп тігілген қоржыннан тәтті кәмпиттер алу арқылы трениг өткізілді.

Жиынға келген қонақтар өздерінің ақыл –кеңестерімен, тренингтерімен қыздарымыздың бойына  салт –дәстүрімізді,әдет-ғұрпымызды, қай ортада болсын, өзін-өзі қалай ұстау керектігін қыздарға тән қасиеттерді ашық  айтып ойларымен бөлісті.

Зейнеткер ұстаздарымыз қыздарымызға өздерінің  ащы болсада қазіргі қыздарымыздың әрекеттерін ақылдарымен жеткізді. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан  қайырлы істерге  бастайды», — делінгендей. Сондықтан қыз  ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл – желпі қарауға  мүлде болмайтынын, қыздың, демек болашақ ананың қолынан іс келуі,- міндетті жағдай екенін, мақалдар  арқылы «Салақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Ана көрген тон пішер», «Олақтан  салақ жаман», «Қыз  еркем – кестесімен  көркем»  түсіндіріп, мақалдардың мәндерін аша түсті. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе. Заманның  талабы өзгерсе де, бойыңдағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүрсе деп  сөздерін қорытындылады.
«Гүл өссе  жердің көркі

Қыз өссе елдің көркі» — дегендей қазақ қызы деген атқа лайық,ата-анаға сөз келтірмейтін, ұлттық дәстүрімізді құрметтеген, инабатты, ибалы, білімді болып өсейік!

Арқарбекова Жанат Ергешқызы
Түркістан облысы Кентау қаласы
әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы
мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.