Home » Мақалалар » Әдептілік-әдемілік

Әдептілік-әдемілік

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті №56 қазақ орта мектебінде  4 а-сыныбында  сынып жетекшісі Низанбаева Розаның ұйымдастыруымен «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылып,  наурыз айыны  бірінші жұлдызында өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Сынып оқушыларның үнамды, ұнамсыз әдеттерін ажырата отырып «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. Сынып оқушылар сабаққа белсен қатысып өз ойларымен  бөлісті. Мұғалім тәрбие сағатының жұмыс жоспарымен және орынның кезеңдерімен таныстырды. Сыныпты  1-топ «Кішіпейілділер», 2-топ «Әдептілер», 3-топ «Ізеттілер», 4-топ «Инабаттылар» тобына бөліп, Топ мүшелері  өз ойларын топтасып және жеке жұп болып қорғап шықты. Көрініс, ситуациялық жағдайларда топтарымен ақылдаса отырап бір шешімге келді. Сабақ барысында өз торптарына және өзге топтардың жұмыстарына өз пікірлерін қосып ой бөлісіт. Атап айтар болсақ Дамир Алина, Ысқақ Жәнібек, Қалберген Нұрболат, Бекенова Алиналар ерекше көзге түсті. «Баламасын тап» ойыны да ерекеше болды. Сабақты қорытындылауда мұғалім  Мұхаммед пайғамдардың таңдамалы хадистерінен 42-хадисімен аяқтады: Адам баласына ең қасиетті нәрсе-әке-шешесі. Әке –шешесін пайғамбар қатты құрметтеген. «Жұмақ-ананың табанында» деді ол. «Әкенің реніші –Алланың реніші».  Күнәлардың ең үлкені ата-анаға лағнет айту. Ата-ананы сыйлау керек, ренжітуден аулақ болу керек.  Сабақ соңында керек байланыста балалар өз ойларын қағаз бетіне түсіргенде бүгінгі сабақтан алған әсерлері көп екенін және бұдан былай осында тәрбие сағаттың болғанын қалайтындықтарын жеткізді.

        Роза Низанбаева ,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№56 қазақ орта мектебінің бастауыш бірлестік жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.