Home » Бес сауал » ӘДЕМІЛІК ӨМІРДІ ӘРЛЕНДІРЕДІ

ӘДЕМІЛІК ӨМІРДІ ӘРЛЕНДІРЕДІ

Бүгінде Астанада 148 балабақша мен 25 орталықтар жұмыс жасайды. Соның бірі, Астана қаласы әкімдігінің №76 «Әдемі» балабақшасы, ол 2014 жылдың сәуірінен бастап өз ісін атқарып келеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме бүгінде 240 бүлдіршін мен 60-қа жуық қызметкерді  қамтып отыр. 

 12 бет 02 ӘДЕМІЛІК ӨМІРДІ ӘРЛЕНДІРЕДІ

        Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Балапан» бағдарламасы аясында құрылды. Балабақша директоры Марал Күлкенқызы қаңтар айында лауазымына тағайындалып, барша дизайн мен құрылыс процесіне жеке қатысқан. Бөлмелерді қандай түске бояю,  қайсы жиһазға тапсырыс беру, аулаға қай гүлдерді отырғызу, қандай ұлттық оюларды пайдалану – мұның барлығы Марал ханымның жетістігі.

             «Әдемі» балабақшасында 2-5 жас аралығындағы балалар тәлім алады. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 12-топқа бөлінген. Топтардың атауы да ерекше таңдалған. Мәселен, «Ажарлы», «Қымбатты», «Дидарлы»,  «Сүйкімді», «Арайлы», т.б. Мемлекеттік стандарттарға сай бекітілген пәндерден өзге қосымша үйірмелер бар. Ата-аналар арасында сауланама жүргізу нәтижесінде: шахмат, қазақша күрес, хореография, вокал, карате, гимнастика сынды  қосымша топтар ашылды. Жуырда домбыра үйрмесі де осы қатарға қосылмақ.

           Марал Ахметованың айтуынша, мұнда балалар жан-жақты біліммен нәрленеді. Түрлі деңгейдегі сайыстар баланың психологиясына дұрыс әсер береді. Мәслен, мектепке барғанда оқушы ұялып, ойындарға қатысуға, сұрақтарға жауап беруге қысылады. Мұның барлығына төтеп беру үшін, бүлдіршін енді-енді өсіп келе жатқанда бойына еркіндікті құйып, қасиеттерін шыңдауға зор көңіл бөлген абзал. «Әдемі» балабақшасының тәрбиеленушілері көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жатады. Атап өтсек, Қасымова Әмина 2015 жылы Тұңғыш Президент күніне арналған қалалық сайыста «Ең үздік орындаушы» номинациясына иеленген. Халықаралық ересектер мен балалардың шығармашылығы «Грация» фестивалі және Х Халықаралық Ақ-көгершін байқауынан «Жастар би» ансаблі бас жүлдені қанжығасына байлады. Орынбек Қажымұқан Қалалық интеллектуалды «Жұлдызды жол» сайысынан 2-орын алды. 2015 жылдың желтоқсан айында өткен Республикалық конкурстан 42-биші арнайы сыйлық пен марапатқа ие болды. Бұдан өзге жетістіктер өте көп.

            Балдырғандармен жұмыс жасау барысында мәдени-гигиеналық дағдыларды, гуманизмді, қажетті тәлім-тәрбиені ғана сіңіріп қоймай, олармен бірігіп оқу іс-әрекетін де өткізеді. «Зерек бала», «Тәй-тәй», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша алуан түрлі жұмыстар жүргізіп отырады.

            Балабақша үш тілді қатар алып жүргенімен, мемлекеттік тілге, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Ғимарат декорациясы түгел қазақи стилде жасалған. Бұл біріншіден баланың бойындағы ұлттық рухты асқақтатады, екіншіден, қазақи тәлім береді, үшіншіден, жәй ғана «әдемі». Осы тұрғыда, «Баланың жан саулығы – тән саулығы» сынды рухани азыққа зор мән беретін тақырыптар мұнда жиі пайдаланылады. тәжірибесі 27-жылдан асатын Марал ханымның қол астындағы бұл әлеуметтік нысан күн санап дами бермек. 12 бет 01 ӘДЕМІЛІК ӨМІРДІ ӘРЛЕНДІРЕДІ

Мадина АБДУКАДИРОВА

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.