Home » Мақалалар » Әдебиет пәні сабақтарында дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері

Әдебиет пәні сабақтарында дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері

Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасқан қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушылардан бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк. Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интелектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мүғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау – баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демек. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, оған ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге үйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интелектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты сараланған.

Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.

Бірінші категория — ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Дарынды балаларға арналған мектептің ашылуының мақсаты: дүние жүзінде бәсекелестік қуаты бар дарындыларды тәрбиелеуге негіз қалап, олардың білімін терең, жан-жақтылығы сапалы үздік оқушы болуына жол ашып, негіздік оқу ағарту кезеңінде сапа тәрбиесінде мән беру бағатанда табанды болып оқушылардың моральдік, ақыл-ойлық, дене-тәрбие жақтарын жан-жақты дамыту.

Дарынды балалардың ақыл-ойы мен даралық ерекшелігі сондай –ақ тапқырлық пән жасампаздық қабілеті сияқты жақтарын зерттеп, «Түрлі жол, алуан тәсіл арқылы жалпы беттік баға беру» принципін қолданады. Сараптау бастапқы сынақ, қосымша сынақ, жалпы сынақ болып үш кезеңге бөлінді.

Мектеп – оқушының өмір кешетін шағын ортасы, ал отбасы және қоғам үлкен ортасы болып табылады. Мектеп, отбасы, қоғам үш жағы үйлесімді сәйкескенде ғана ең тамаша оқыту нәтижесіне қол жеткізуге болады. Мектеп – жалпы бағыттағы оқыту процесінде ұйымдастырушы болып саналады.

а) Дарынды балалар сыныбы негіздік оқыту кезеңіндегі бейіміне қарай оқыту процесі болып, негіздік оқу-ағартудың мәндік ерекшелігіне ие болғандықтан, өтілетін сабақтар білім министрлігі белгілеген негіздік оқу – ағарту кезеңінде өтілетін сабақтардан өзгеше болмауы тиіс.

ә) «Жасы кішкене, уақыты қысқа, талап жоғары», осы үш ерекшелік болғандықтан әрбір пәннің оқыту мазмұны әдеттегі мектептердің сегіз жылдық оқыту мазмұнымен бүкілдей ұқсас болмайды. Демек, мұғалімдер өздерінің тәжірибелерімен білім қабілетіне сүйеніп, сабақ мазмұнын ғылыми түрде реттеуі тиіс. Сабақты ғылыми негізде ұйымдастырып, сабақ уақытын қатаң меңгеруге; оқулыққа батыл реформа жасау;оқушылардың үйрену жөніндегі тәрбиені көрнектілендіру; бейіміне қарай оқыту; қабілетін жетілдіру; оқушыларға болған салмақтық қатаң тізгіндеу сияқты шараларды қолданып, оқыту міндетін айтарлықтай орындау керек.

Оқушыны шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу, оның қабілетін ашу, дарынды оқушыға айналдыру мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен нақты білімінің көрсеткіші екені даусыз. Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін мектепте көптеген жұмыстар ұйымдастыруда баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуын жағдай жасау керек.

Дарынды бала — ол кім?

Негізгі қасиеттері:

  • Өте сезімтал, өзгеше ойлайды. Кең бөлмеде білімді меңгереді. Жиі-жиі ойға беріліп, қиял күші басым болады.
  • Адамгершілік сезімдері ерте дамып, моральдық қасиеттерге мен түсінік-танымы жоғары.

Осы қасиеттерді қалай дамыту қажет:

  1. Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу.
  2. Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас.
  3. Отбасы жағдайы, ата-анасы қолдауы.
  4. Ұстаз біліктілігі.

Дарынды балалармен жүргізілетін сабақтан тыс тәрбие жұмыстары;

  1. Шығармашылық байқаулар.
  2. Мәнерлеп оқулар, сахналық көркем қойылымдар.
  3. Әдеби шығармашылық байқаулар.
  4. Облыстық. Республикалық пәндік байқаулар.
  5. Ұжымдық шыңһғармашылық істер.
  6. Пікірсайыс.

Дарынды баланы тәрбие беру мен барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз.
  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандайда бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады.
  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес. Сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушының болмыс-бітім анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау.
  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата –аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп псиологы, мұғалімі және ата-аналарымен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жету мүмкіндігі бар екені анықталады.
  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс әрекетін жан — жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан жақты дамыған шығармашыл, рухани ой өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат – заман талабына сай бәсекеге , білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интелектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалық дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.

Мұғалімнің өмір талаптарына сай оқытудың бірнеше әдіс – тәсілдерін білуді талап етеді.

Біріншіден тақырыпты меңгеруге дұрыс бағыт беру, тақырыпты игеру үшін оқушыны жетелейтін тәсілдерді жете пайдалану.

Екіншіден уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізу.

Үшіншіден пәндік білімді өмірмен байланыстырып ұйымдастыра білу.

Өмірге қажеттіні іздеп табу шығармашылық арқылы жүзеге асатын жұмыстың нәтижесі деуге болады. Оқушының дүниетанымын, мәдени талғамын қалыптастыру тәрбиелеу – жауапты іс.

Мұғалімнің мақсаты оқушыға бағыт-бағдар сілтеу арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізу. Нәтиже сабақ кезінде, сабақтан тыс атқарылатын мұғалімнің шығармашылық жұмысының көрінісі. Ізденіс нәтижесінде мұғалімнің оқушыға берер білімі мен тәрбиесі айқын анықталады. Сондықтан атқарылатын әр шығармашылық жұмыс арқылы оқушының өмірге белсенділігін, ойлау қабілетінің жоғарғы болуын қалыптастыруға болады.

Күтілетін нәтиже: оқушының ізденіс барысындағы табысы оларды қуанышқа бөлеп алға қарай ұтыла түсуіне, күрделі қиындықтардан құтылудың тиімді жолын табуға үйретеді. Ой еңбегі саласындағы белсенділік табысқа жетудің кілті екендігін мойындап, уақыт талабы тұрғысынан әрекеттену және оған машықтану дағдысы қалыптасады. Ж.Аймауытов баланың ынтасын ояту үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек дейді. Сондықтан әрбір сабаққа мұғалім де, оқушы да үлкен психологиялық дайындықпен келуі керек. Мұғалімнің басты міндеті дайын білімді дағдыларды қайталайтын емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай жан-жақты дамыған дарынды оқушыны қалыптастыру болып отыр. Сондықтан тақырыпты өтуге дайындалу барысында оқушының жас ерекшелігін, сана сезімін, ерік-жігерін, жаңа сабақты меңгеруге, қорытынды ой шығаруға бағытталған жұмыстар ескерілуі тиіс.

Сұрақтарға дәлелмен жауап беріп, ой-пікір өз көзқарасын қалыптастыру.

Тақырып бойынша қорытынды жасап дұрыстығын дәлелдей білу.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – хылқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани мұра. Бұл күнде Абай сөзі әр адамның ағзасына ана сүтімен дариды десек артық айтылғандық емес. Азаматтықтың тиісті жауабын Абай мұрасынан іздеп, Абай даналығынан табуға болады.

Заманы өтіп, уақыты озса да Абай өмірі мен өлеңі ұрпақтары үшін мол мұра болып, Абай шығармашылығының ішіндегі ең басты тақырып деп адамның толық қалыптасуы туралы, яғни ол үшін қажетті қасиеттер сараланады. Толық адам болып қалыптасу үшін адамға бес асыл іс, үш қасиет керек. Сондықтан Абай өлеңдері мәңгі өлмейтін асыл мұра. Абайды құрметтеуге бүкіл қазақ борышты дегенді айтқым келеді. Абай қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісі және келешегі деп Ж.Аймауытов айтқандай дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде Абай мұрасының орны ерекше.

Адамгершіліктің әліппесін Абай өлеңдері мен қара сөздерінен тере білген ұрпақтың білімді де тәрбиелі болары сөзсіз.

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек.

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша болып күнелтпек,- деп Абай жырлағандай

Оқушыларымыздың бойынан адамға тән асыл қасиет ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің табылғаны білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін дәлелдей алады.

Шығармашылық жұмыстың нәтижесінде оқушылар әр түрлі өнер сайыстарында, мәнерлеп оқу, сахналық көріністерде зор табыстарға жетіп жүр. Солардың көрінісі төмендегі оқушылардың жеткен жетістіктерімен айқындалады.

Бала тәрбиесі – болашаққа ең үлкен инвестиция. Балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады деп атап өтілген Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында. Қазіргі ұрпақтың патриот болуына, елін шексіз сүйіп, Отанын мақтан етуіне еш кедергі жоқ. Елім маған не береді демей, еліме мен не берем деп ойланатын дарынды оқушыны оқыту мен тәрбиелеу бүгінгі өзекті мәселесі болып қала бермек.

Исабаева Жазира
Жамбыл атындағы
№5 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.