Home » Ашық сабақтар » ӘДЕБИЕТ КӨШБАСШЫСЫ

ӘДЕБИЕТ КӨШБАСШЫСЫ

Мақсаты:  Білім алушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.

Міндеттері: 1)Білім алушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру; 2) ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу; 3) оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми-танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, саңдық белгі.

Сайыстың өту барысы.

  1. Сайысқа қатушыларды қазылар алқасымен, сайыс шарттарымен таныстыру.

1- кезең: «Бәйге»

10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 4 жауап келтірілген. Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

2- кезең: «Дода»

4 тақырып беріледі. Әр тақырыпқа 5 сұрақтан бар. Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

3-кезең: «Жорға»

3 тақырып беріледі. Әр тақырыпқа 20,30,40 ұпайлық 3 сұрақтан бар. Оқушы өзі қалаған сұрағына жауап береді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.

І кезең: «Бәйге»

  1. Абай өлеңі:

А) «Өгіз бен бақа»                          Ә) «Ғылым таппай мақтанба»

Б) «Қысқа жолда»                           В) «Ақсақ киік»

  1. Мұқағали өлеңі:

А) «Фантазия»                                 Ә) «Отырар»

Б) «Сен ақылды болсаң екен»    В) «Толағай»

3.Әдеби ертегіні тап.

А) «Қырық өтірік»                          Ә) «Ер Төстік»

Б) «Аяз би»                                       В) «Толағай»

4.Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы:

А) 1893  жылы                                        Ә)1873 жылы

Б)1846  жылы                                          В)1889 жылы

5.Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі кімге арналған?

А)Немересіне                             Ә) Әйеліне

Б) Баласына                                 В) Келініне

  1. Мұхтар Әуезовтың туған жылы:

А) 1897  жылы                                         Ә) 1900 жылы

Б) 1911 жылы                                           В) 1894 жылы

  1. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің авторы кім?

А) Мұхтар Әуезов                       Ә) Мағжан Жұмабаев

Б) Сәбит Мұқанов                       В) Сәкен Сейфуллин

  1. Абайдың туған жері:

А) Қостанай облысы                   Ә) Семей облысы

Б) Қызылорда облысы               В) Ақтөбе облысы

  1. «Көксерек» повесінің авторы кім?

А) Абай                                           Ә)Ыбырай Алтынсарин

Б) Мұхтар Әуезов                         В) Ахмет Байтұрсынұлы

  1. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады?

А) Пейзаж                                         Ә)Портрет

Б) Кейіптеу                                       В) Әсерелеу

ІІ кезең: «Дода»

  1. Халық ауыз әдебиеті

1.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

  1. Қаз-қаз,балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауынды кесейін.

Қандай жыр?

3.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қандай жырға жатады?

  1. Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.
  2. «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.

2.ХІХ ғасыр әдебиеті

  1. «Аягоз, қайда барасын?» кімнің өлеңі?
  2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім?
  3. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Кімнің  өлеңі?

  1. Махамбет Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі кімге арналған?
  2. «Өзен» өлеңінің авторы кім?
  3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет
  4. «Шәкірт ойы» өлеңінің авторы кім?
  5. «Өгіз бен Бақа» мысалының авторы кім?
  6. Адамдық борышың-

Халқыңа ең қыл.

Ақ жолдаң айнымай

Ар сақта, өзін біл. Кімнің өлеңі?

  1. Жүсіпбек Аймауытұлының «Әнші» әңгімесі кім туралы жазылған?
  2. «Өтеген батыр» дастанының авторы кім?
  3. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет
  4. «Ананың анасы» әңгімесінің авторы кім?
  5. «Даңқың қайда төске өрлеген?

Екі жүз  мың әскерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау….

… Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйгіне зор таңба…»

Кімнің өлеңі?

3 «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің авторы кім?

  1. Сәбит Мұқановтың автобиографиялық романын ата.
  2. Білем сені, сүйем сені,

Сыр сұлуы қарт анам!

Сенсің мені әлдилеген,

Туған сенен- мен балаң! Кімнің өлені?

ІІІ кезең: «Жорға»

  1. Әдебиет теориясы
  2. 20 ұпай. Көркем әдебиетте адамныі сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды? (портрет)
  3. 30 ұпай. Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде                                                                                                                                                                                                          суреттеу тәсілін не деп атайды? (Кейіптеу)
  4. 40 ұпай. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады? (Диалог)
  5. «Өлең- сөздің патшасы»
  6. 20 ұпай. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Кімнің қандай өлеңінен үзінді?

  1. 30 ұпай. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп, тулатын бір қозғайын да…

Кімнің қандай өлеңінен үзінді?

  1. 40 ұпай. Бір үйде жиюлы екн қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар!…»

Кімнің қандай өлеңінен үзінді?

3.Кейіпкерлер әлемі

  1. 20 ұпай. «-Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманыі, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер». Қай ертегідегі кімнің сөзі?
  2. 30 ұпай. «Атымды айта бастасам, тілңм таңдайма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін?! Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қарандаршы. Айтуға да ықшам, естір ққлаөөа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәйтеше айтқанда, бұланр- жоғары идеялы есімдер». Кімнің қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?
  3. 40 ұпай. «Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі іріңкеріп, бала-бозбаланың қалпына бейімделген». Қай кейіпкердің портреті?
  4. Сайысты қорытындылау:
  5. Сайыс жеңімпазын анықтау. 2. Марапаттау.

Қамбарбекова Жаңыл Қамбарбекқызы
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
№27 Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.