Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға мәтінді негізге ала отырып «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан күрескер жас Қайрат Рысқұлбековтың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту.
2. Дамытушылық: Балаларды байланыстырып, жүйелі мәнді сөйлеуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың елі үшін құрбан болған батырларымыздың ерлігін дәріптеп, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып патриоттық тәрбие беру. Сабақ әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі психологиялық дайындық.
-Әрбір адам ?-Туысым ,досым жұрағат.
-Әрбір сабақ ?-Үйрену ,ұғу ұлағат.
-Әрбір ісің?-Шындық, бірлік, адалдық.
-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Бір-бірлеріне сәттілік тілеу. II. Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар сабағымызды бастамас бұрын тобымызға атқоямыз.
1-топ Алматы
2-топ Астана
3-тәуелсіз ел
Үйге қандай тапсырма берілді?
-.К.Қазыбаев Ту тіккен Рақымжан. (3-оқушыдан мазмұнын сұрау)
ІІІ. Пысықтау
«Ыстық орындық» ойыны. — Мәтін кім жайында айтылған?(Рақымжан) — Тапсырма орындалып жеңіс туы тігілген уақыт? (1945ж 6сағ 30мин 30сәуір мезгіл — кешкі уақыт)
-Соғыс қай жерде жүріп жатты?
-Рақымжанды кім шақырып алды?
-Батальон командирі не айтты?
-Рейхстак дегеніміз не?
-Рақымжанға қандай жауынгерлік тапсырма берілді?
-Рақымжан қалай қоштасты?
-Рақымжан бастаған топ Ту кімнің қолында болды?
-Рақымжан туға не деп жазды?
-Соғыс қашан аяқталды?
— Ұлы отан соғысынан да неміс фашистерге қарсы шыққан қандай батырларды білдік? ( Б. Бауыржан. Р. Қошқарбаев.Ә Молдағұлова. М.Маметова т.б)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
-Желтоқсан айында тойланатын мерекелерді атаңдар?
— Бұл батырларымыз не үшін күресті? Елді жаудан қорғау үшін ел тәуелсіздігін алу үшін. — Бүгін де біз қандай елміз? Тәуелсіз елміз, тәуелсіз мемлекетпіз
Әр топқа сөз жұмбақ беріледі. «Тәуелсіздік» ( сұрақтары)
1.Рәміз
2.Қазақтың ханы.
3.Жыл басы.
4.Киелі сан.
- Бұрынғы астана
6.Ресей халқы.
- Алып жануар.
8.Қасиетті ай.
9.Мұз айдыны.
10Жыртқыш құс.
- Қазақстан қаласы.
-Сөз жұмбақтың қызыл тор көздерінен шыққан сөзді оқыңдршы?
— Ендеше тәуелсіздік жайлы не білеміз? (Оқушылардан жауап алу)
— еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
16 желтоқсан-Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.
Осы бейбітшілікті сендерге өз жанын аямай паш еткен қуанышты күннің шуағына куә болып ортақтаса алмай кеткен апаларымыз бен ағаларымыздың есімі мәңгі ел есінде сақталады
1986 жылы Алматыдағы “Желтоқсан оқиғасы ” дүниені дүр сілкіндірді.Осы жылы 16-желтоқсанда қазақ жастары шеруге шықты. 1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұханбет Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты,орнына орыс азаматы Колбиннің келуінде еді. Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер “контреволюционерлер”емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алады. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді. 19 желтоқсанда қалада тәртіп негізінен қалпына келтірілді. 1986 жылғы 19-25 желтоқсан. Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау,Арқалық қалаларында, Шамалған, Сарыөзек поселкелерінде жекелеген бой көтерулер болды. Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы К. Табейдің Ол ақын болар ма еді?….. мәтінімен танысамыз.
Ү.Жаңа сабақ Авторы: Коммунар Табей 1956ж 5 мамырда Семей обл Аягөз ауданы Шолпан кеңшарында дүниеге келген. Заңгер мамандығын бітірген 1990 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді. Республикалық баспасөз конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 — наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келген. Қайрат 1973 — 1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп — интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.
Қайрат сөйтіп 1988 жылы түрмеде белгісіз жағдайда көз жұмды. 1992 жылы Қайрат Рысқұлбеков ақталады. Сол жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек ауылында желтоқсан қаһарманы Қайраттың ескерткіші орнатылды.1996 жылы “Халық қаһарманы”атағы берілді. Тәуелсіздігіміз үшін мерт болған батыр ұланын мақтаныш тұтқан туған халқы да оның ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуді парыз санап, мектептер мен көшелерге, мәуелі гүлзар бақтарға Қайраттың есімін беруде.
Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.Әр топтың оқушылары бөліктерге бөліп оқып шығады. Түсінбеген сөздер: Пешене-жазмыш, он екіде бір гүлі ашылмаған-жас ебелек-шөп атауы.. Дәптерге жазу.
Сергіту сәті «Желтоқсан желі»әнін оқушылар орындайды.
«Кім жылдам» ойыны.Әр топқа мақал -мәтелдер таратылып беріледі,көп нүктенің орнына тиісті сөздер жазады.
Болат … шынығады,
Батыр … шынығады.
Жаңбырменен … көгерер,
Батаменен … көгерер.
Батыр бір өлер ,
Қорқақ … өлер.
Ер жігіт … үшін туады,
… үшін өледі.
Ел үмітін… ақтар.
Ер атағын … сақтар.
Батыр туса … ырысы.
Жаңбыр жауса … жер ырысы.
- Жаңа сабақты пысықтау.
1-топ Қайрат туралы жазады.
2-Тәуелсіздік туралы.
3-Рәміздер туралы жазып сурет салады.
YIII. Қортындылау.
Бүгінгі сабағымыздан не ой түйді сол жайында қысқаша сұрау.Сұрақтар қою арқылы.
Бағалау. Оқушылардың жауап беріп белсенді сабаққа қатысқандарына әр түрли фишкалармен бағаланады.
Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқу Қайраттың жазған өлеңдерін жаттау.
Нурмаханова Майра Қойшанқызы
«Б. Тамабаев атындағы орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы