Home » Жас қалам » Әбунасыр

Әбунасыр

Баяғыда бір Әбунасыр деген жас жігіт  өмір сүреді. Өмірден қажып, шаршап жүреді. Алдыңғы жылы ата-анасы қайтыс болады, сүйген әйелінен айырылады.  Содан күздің суық күндерінің бірінде өмірден қоштаспақшы болады. Ағашқа мықты арқан байлап, асылайын деп жатқан кезінде қасына ақсақалды қария келіп:

— Осылай өмірден түңіліп, жамандыққа оңай беріліп, еш жақсы іс қылмай өмірден өтпексің бе?-дейді. Жігіт мойынындағы арқанды алып қарияға:

-Енді не істеймін? Өмірден әбден қажыдым. Осыдан бір жыл бұрын ата-анам көлік апатына ұшырап қайтыс болды, жақында сүйген әйелімнен ажырасып кеттім,- деп болған оқиғаның бәрін айтады. Қария сонда Әбунасырға ала көзбен қарайды да:

— Құдай бәріңе қиын сынақ береді. Сол сынақтан өткендер ғана бақытты бола алады,-деп жігітке көмектесуге тырысады. Жігіт қарияның айтқанын тыңдамай, сол күні асылып қалады. Ол құдайдың алдына барады. Сонда құдай:

— Сенің өлуіне ешқандай себеп жоқ,- дейді де жігітті тірілтіп жібереді. Әбунасыр көзің ауруханада ашады. Ажырасып кеткен әйелі қасында жылап отыр екен. Ол әйелімен қайта табысып, ұрпақ сүйіп, қартайып, көпті көріп қайтыс болады. Жігіт екінші рет құдайдың алдына барады. Құдай:

— Не түсіндің?-дейді.

Әбунасыр:

— Кешіріңіз, адам баласы өмірге қиын сынақтардан өтіп, бақытты болу үшін және де артына жақсы іс қалдыру үшін келетінін түсіндім,-дейді. Құдай жігіттің жауабына риза болып, оны жұмаққа жібереді. Ал ақсақалды қария – Мұхамбет Пайғамбар екен.

                                                                            Ерcайын Нұрдәулет
Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.