Home » Ашық сабақтар » Ұқсасын тап

Ұқсасын тап

 

 

«Балапан» І – кіші сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

 

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика.

Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) түстері (қызыл, жасыл, сары, көк) көлеміне қарай (үлкен – кіші) топтастыруға үйрету. Балалардың қол саусақ моторикасын дамыту, ойынға белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

Методикалық әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер.

Сөздік жұмыс: Кірпішешен, қыстырғыш, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

Қажетті құрал-жабдықтар: Геометриялық пішіндер, сабынды су, кірпішешен, қыстырғыш, қорапша.

 

Ғажайып сәт:

Сәуле кіреді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Сәуле. Қандай сендер әдемісіңдер. Сендер маған ұнайсыңдар. Мен сендерге ұнаймын ба?

  1. Қараңдаршы, менің әдемі көйлегіме! Ол қандай түс? Қандай геометриялық пішіндермен әшекейленген?

Томирис сен айта қойшы?

Қандай геометриялық пішін, түсі қандай?

Айсұлтан сен айта қойшы?

Сәуленің көйлегінде мынау қандай пішін?

Түсі қандай екен?

Айару мынау қандай геометриялық пішін?

Түсі қандай?

 

  1. Балалар Сәуле мен бірге «Көңілді геометриялық пішіндер» еріп келіпті. Олар сендермен жасырынбақ ойнағысы келеді. Ал енді көздеріңді жұмыңдар! Кім кетті.

 

3.Сәуле сендерге әдемі қорапша әкеліпті ішінде не бар екен? (доп, машина)

Физ минутка:

  1. Сәуле сабынды суды үрлеп көпіршік шығарады.

 

  1. Тыңдаңдаршы, есікті біреу қағып тұр. Пыхтит «пых-пых-пых». Бұл кірпішешен. Олар көңілсіз.

Балалар Сәулеге таңдана қарайды. Сәулеменен амандасады.

 

Пішіні дөңгелек қызыл түсті дөңгелек

 

пішіні үшбұрыш.  сары түс.

 

Шаршы    жасыл түс.

 

Инелері түсіп қалыпты. Кірпішешеннің түсіне қарай инелерін қадап берейік. Бүгін бізге қонаққа кім келді? Қорытынды: Сәуленің көйлегі қандай геометриялық пішіндермен әшекейленеген? Сәуле мен бірге қандай ойын ойнадық. Нұрәлі қандай кірпішешенге инелерін қададың.

Балаларға қиылған түрлі – түсті кірпішешен таратылып беріледі. Балалар кірпішешеннің түсіне қарай қыстырғышты қыстырады. Балалар тәрбиешінің сұрағына толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

 

Білуі: геометриялық пішіндерді атау және айыра білу;

 

Меңгеруі: түстері мен көлемдеріне қарай топтастыруды;

 

Жасай алуы: кірпішешеннің түсіне қарай инелерін қадау.

 

 

Қазбек Назерке Санатқызы,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы.
МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
( жас маман)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.