Home » Ашық сабақтар » Ұшқыр ой мен шешен тіл

Ұшқыр ой мен шешен тіл

Капенова А.Ж.
Астана қаласы
№18 «Аяжан» балабақшасы
II – санатты тәрбиеші

 

 

Жүргізуші: Құрметті жиналған қонақтар ұстаздар! Бүгінгі «Тіл мерекесіне» арналып, жоспарланып отырған, іс — шарамызға қош келдіңіздер!
Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу — маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы — «Ұшқыр ой мен шешен тіл»
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да — осы тіл. Ең ащы да — тіл, ең тәтті де — тіл. Қазақ тілі — дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі.

ӘН «Отаным»

Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.

Жүргізуші:
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып.

Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ — қазыларымызбен танысайық.

  1. №18 «Аяжан» балабақшасының меңгерушісі –Мухаметжанова Асел Мубараковна.
  2. Балабақша әдіскері- Утесинова Гүлзат Алимбековна.

Ойын V айналымнан тұрады.
1 Таныстыру

2«Ұшқыр ой»

3 «Полиглот»

4«Ойлы болсаң тауып көр»

5  Үй тапсырмасы

Жүргізуші:

1  айналым «Таныстыру» (әр топ өздерін таныстырады)
Енді ойынымыздың 2- айналымын бастаймыз.
2 -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

3- айналым «Полиглот»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сіздер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларыңыз керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету,)

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
2- топ

1.жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

2.. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян — заяц)

3.Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

3топ

  1. Жеп көріп ем өзім мен,
    Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

    2. Бұлаңдаған құйрығы,
    Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

    3. Әттең, даусым, тілім жоқ,
    Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
    Жүргізуші:
    4 — айналым «Ойлан, тап»
    Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)

Тақпақтар:
1.Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)

2. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
( «Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)

2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ…
(«Күлпаш». Б.Майлин)

1. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

2. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.
— Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.
(«Қайырымдылық». Мағзұм Сүндетов)
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
Жүргізуші:

ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз.
1. Жатқан, қария, дария, ақылды, ағып.
(———————————————-)
2. Асқар, ағып, тау, бала, жатқан, әке, бұлақ.
(———————————————-)
3. Тамған, тамар, у, бал, тілден.,
(———————————————-)
4. Үйдің, жылы, туған, түтіні.
(———————————————-)
5. Шықпас, шаңы, үні, жаяудың, жалғыздың.
(————————————————)
6. Қорқытады, терең, көп, батырады.
(————————————————)
7. Отбасынан, отанды басталады, сүю.
(————————————————)
8. Дұшпан, ақыл, дос, ашу.
(————————————————)

5 –айналым: Үй тапсырмасы

Ән. «Ана тілім»
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.