№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп ұжымы 2017-2018 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру жүйесіне көшкелі бері, біздің мектеп ұжымы үшін үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары мен білімді оқушылары — көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, ұжым абыройын асқақтатты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп дана халқымыз айтқандай, осы орайда ұжымдағы ұстаздардың еңбектерін айтап айтсақ, математика пәнінің мұғалімі Шадиева Тоты Бодыққызыны ң 10 сынып оқушысы математика пәнінен белгілі ғалым, физика –матиматикағылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық Академиясының академигі А.Жұмаділдаев жүлдесі үшін математикадан олимпиада байқауынаның жеңімпазы атанды.
Республикалық пәндік олимпиада (қалалық) ІІ кезеңінде 8 «А» сынып оқушысы Айтмұхамбет Айым тарих пәнінен І орын , пән жетекшісі-Ибраимова А. 9 «Ә»сынып оқушысы Бақыт Әдемі информатика пәнінен ІІІ орын , пән жетекшісі Есимова Эльвира, 10 «А»сынып оқушысы Амантай Сымбат химия пәнінен ІІІ орын ,пән жетекшісі-Асанова Азиля . Жаратылыстану пәндері бойынша 7-8 сыныптар арасында өткізілген қалалық олимпиадада 7 «Б»сынып оқушысы Мұқашева Арайлым информатика пәнінен ІІІ орын иеленді.
Кала мектептері арасында ардагер –ұстаз Б. Остаевтың 80 жасқа толуына орай өткізілген физика пәнінен олимпиадада 9 сынып оқушысы Тынысбек Жұлдызай ІІІ орын иеленді,пән мұғалімі А.Бакирова . Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Райымқұлова Жанат Таңатарқызына мұғалімдер күніне орай әкімнің 100 мың сыйақы сертификаты табысталды. «Талантты және дарынды балалармен жұмыс» тақырыбындағы республикалық семинар-тренингке белсене катысып ,шығармашылық қабілеті үздік деп танылғаны үшін технология пәнінің мұғалімі Рисмамбетова Гульмира Сагидулла Дипломмен марапатталды. Кемелова Шырын,Төлебай Қасқырбай жетекшілік ететін вокалды топ, Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Балауса-Балдаурен» өнер байқауында «Вокалды топ» номинациясы бойынша жүлделі І және ІІІ орындарды жеңіп, Қызылорда білім бөлімінің Дипломымен марапатталды. Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел мақтанышы» қалалық байқауында Толымбетова Рая Асанқызының 3 сынып оқушысы Балтабай Лола III орын иеленіп, Қызылорда қалалық білім бөлімінің Дипломымен марапатталды. 8 сынып оқушысы Әлайдар Сымбат Мұратқызы 2017 жылы Атырау қаласында өткен карате-додан кумите бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының Алтын медаль иегері, Қазақстанның карате-додан 5 дүркін чемпионы,спорт шеберлігінен үміткері. «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы 2017 жылдың ноябрь айының 10-жұлдызында Алматы қаласында жас ғалымдарға арналған «ТЕРЕҢ БІЛІМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ» атты Халықаралық ашық ғылыми-практикалық конференцияға 8 сынып оқушысы Алмас Максат , 10 сынып Жунусова Лида қатысып ,ғылыми жобалары қорғалып, жүлделі орындарга ие болды. Пән жетекшілері Уразова Жанат, Қуанышбаева Айжамал Дипломмен марапатталды. 7 сынып оқушысы орыс тілі пәнінен Ерубаева Нурай, пән мұғалімі -Уразова Ж., 10 сынып оқушысы ағылшын тілі пәнінен Амангелді Гулжайна, пән мұғалімі Куанышбаева А. Қазақ тілі пәнінен 7 сынып оқушылары -Маратқызы Алтынай,Аскербекқызы Диана,Мұкашева Арайлым, 6 сынып оқушысы- Нұрадин Дильназ, пән мұғалімі Қабылбаева Меруерт. Математика пәнінен 7 сынып оқушысы Мақатай Сұлтан,пән мұғалімі Сисенов Қалдыбек 2017 жыл 10 қарашада Алматы қаласында өткен ««Platon» Халықаралық олимпиадаға катысып І орын иегерлері атанды. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне бар асыл қаиеттерін ұялатып, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша әріптестеріме, яғни ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілемекпін.
№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп директорының
ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
Бакбергенова Алия Кожабаевна