Home » Жаңалықтар » «Ұстаз-2017» спартакиадасы

«Ұстаз-2017» спартакиадасы

           Ағымдағы жылғы 29 маусымнан 2 шілге  дейін Зеренді ауданының Чаглинка ауылы Агробизнес колледжінде Ақмола облысы білім ұйымдарының қызметкерлері арасында «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне арналған облыстық ХІІІ «Ұстаз – 2017» спартакиадасы өтті.

Облыстық спартакиадаға  Ақмола облысының  26 командасы, 480-тан астам техникалык және кәсіптік білім қызметкерлері қатысты.

Спорттың жеті түрі бойынша жарысқа түсті: волейбол, шахмат, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, городки спорты, ату және дойбы ойыны.

Спартакиаданың ашылуында құттықтау сөзбен Ақмола облысының білім басқармасының басшысының орынбасары – Б.Ізбасарова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша ұйымы» БҚ төрағасы – Б.Абдрахманов сөз сөйледі.

Спорттық жарыс барысында үздік командалар анықталды:

  • волейбол (1 орын – Ж.Мусина атындағы Кокшетау жоғары қазақ педагогиқалық колледжі, 2 орын – Щучье қаласы Педагогикалық колледжі, 3 орын – Щучье қаласы экология және орман шаруашылығы колледжі);
  • шахмат (1 орын – Бурабай ауданы,Щучье қаласы жоғары колледж, 2 орын – Щучье қаласы Педагогикалық колледжі, 3 орын – Аққөл ауданы,Ақкөл қаласы №10 Агротехникалық колледж;
  • тоғыз құмалақ (1 орын – Ж.Мусина атындағы Кокшетау жоғары қазақ педагогиқалық колледжі, 2 орын – Аққөл ауданы,Ақкөл қаласы №10 Агротехникалық колледж, 3 орын – №3 Агротехникалық колледжі Красный Яр селосы, Көкшетау қаласы);
  • үстел теннисі (1 орын – Ж.Мусина атындағы Кокшетау жоғары қазақ педагогиқалық колледжі,2 орын – Бурабай ауданы,Щучье қаласы жоғары колледж, 3 орын – Көкшетау қаласы азаматтық қорғау көпсалалы колледжі);
  • городки спорты (1 орын – Зеренді ауданы шағалалы ауылындағы Агробизнес колледжі, 2 орын – Ақкөл қаласы №10 Агротехникалық колледж, 3 орын – Бурабай ауданы,Щучье қаласы жоғары колледж;
  • ату (1 орын –Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы,ауылшаруашылық колледжі , 2 орын – Щучье қаласы Педагогикалық колледжі, 3 орын – Бурабай ауданы,Щучье қаласы жоғары колледж);
  • дойбы (1 орын – Көкшетау қаласы №1 құрылыс — техникалық колледжі, 2 орын – Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы,ауылшаруашылық колледжі, 3 орын – Ж.Мусина атындағы Кокшетау жоғары қазақ педагогиқалық колледжі ).

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық орындар келесі ретпен

орналасты:

І орын – Ж.Мусина атындағы Кокшетау жоғары қазақ педагогиқалық колледж командасы;

ІІ орын – Бурабай ауданы,Щучье қаласы Жоғары колледж командасы;

ІІІ орын – Щучье қаласы Педагогикалық колледж командасы.

Салтанатты жабылуда жеңімпаздар мен «Ұстаз–2017» спартакиадасының жүлдегерлерін дипломдар, грамоталар, кубок және сертификаттармен марапаттады:

І орын – 100 000 теңге;

ІІ орын – 70 000 теңге;

ІІІ орын – 40 000 теңге.

«Жеңіске деген құлшыныс» номинациясының  иегерілері: Зеренді ауданы шағалалы ауылындағы Агробизнес колледжі және Бурабай ауданы,Щучье қаласы жоғары колледж.

«Команданың үздік жабдықталуы үшін» номинациясын иегерілері: Щучье қаласы Педагогикалық колледжі, Көкшетау қаласы №1 Сервистік — техникалық колледжі,  Атбасар қаласы №11 Агротехникалық колледж және №3 Агротехникалық колледжі Красный Яр селосы, Көкшетау қаласы.

Облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының бағалы сыйлықтарымен 25 үздік спортшылар білім беру ұйымдарының және жекелей біріншілікте жүлделі орын алған қатысушылар марапатталды.

Сонымен қатар білім беру ұйымдары қызметкерлерінің төрт бала «Жас жанкүйер» номинациясына ие болды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.