Home » Поэзия » Ұстаз — ұлы тұлға    

Ұстаз — ұлы тұлға    

 Ұстазды мен күн нұрына баладым,

Жүрегіме жол табатын — баланың.

Күлімдеген көздерін мен ұқсаттым

Мейірімді жүздеріне — анамның.

 

 

«Күнім» дейтін — үздік баға алғанда

Күлімдейтін шырқатып ән салғанда

Бізбен билеп, бала болып кететін

Ұстазымды теңедім мен — досыма

 

Ұстаз — Ана, Ұстаз — дана, өр тұлға

Тәлім, білім сіңіретін санаңа

Достарыма айтар менің тілегім

Тағзым етіп өтейік біз — ұстазға

Жұмаханова Айдана

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы,

№9 орта мектептің

6 «А»сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.