Президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауы-республикамыздың әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Елбасының биылғы Жолдауы барша ұстаздар қауымын айрықша қуанышқа бөледі. Себебі, Еліміздің тарихында алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатын болады. Қазақ поэзиясының падишасы Мағжан ақын айтқандай, Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі болатын күн туады.
Бұл заңда педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеретін стимулдар, оқу жүктемесін төмендету, қажетсіз тексерістерді азайту мәселелері көрініс табады деп ойлаймын.
Ұстаз мәртебесін арттыруда жаңашыл, білімді педагогтарды еңбегіне қарай марапаттау өз кезегінде назардан тыс қалған емес.Соның бірі жыл сайын облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатқан «Үздік педагог» байқауы.Үстіміздегі жылы облысымыздан республикалық « Үздік педагогтар» жеңімпаздары қатарында өзімнің де болғандығымды мақтанышпен әрі ризашылықпен айта аламын және мен үшін бұл — үлкен мәртебе, зор жетістік. Байқау үкіметіміздің педагогтарға, ұстаздарға деген қаржылай әрі рухани қамқорлығы деп білемін.Әрине бұл тек менің ғана емес, мен жұмыс жасайтын И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледж ұжымы мен облыс педагогтарының жеңісі деп айтар едім.
Бүгінгі көкейтесті мәселе – білім сапасын арттыру.Осы тұрғыдан мен жұмыс жасайтын Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжде көптеген нақты жұмыстар жасалынуда. Атап айтқанда колледжіміз индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының сұранысы үшін біліктілігі жоғары мамандарды «нақты даярлауды» қамтамасыз ету мақсатындағы республикадағы 10 базалық колледждің бірі. 2018 жылы 29 сәуіріндегі Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің Аккредитациялық кеңесінің шешімімен колледж институционалдық және 10 мамандық бойынша мамандандырылған аккредитациядан өтті.Сонымен қатар колледж базасында 2016 жылдан бері «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» бейіні бойынша 6 мамандықтан Республикалық оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жасап келеді және ««Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары өтілуде. Колледжде биылғы жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің келісімімен эксперимент ретінде 4 мамандық бойынша қолданбалы бакалавр дәрежесінде мамандар даярлау қолға алынып, « Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы топ ашылып, студенттер дәріс алуда. 2018 жылдың сәуір айында «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету», «Агрономия», «Ветеринария» мамандықтары бойынша құзіреттілік орталығын ашу мақсатында қаржылық-даму жоспары жсалынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігіне бекітуге ұсынылды. Жобаның жалпы сомасы 263 029 056 тенге көлемінде..
Отандық оқу орнының сапасы оны бітірушілердің лайықты жұмысқа орналасуы көрсеткішімен өлшенсе, Елбасы айтқандай бұл зор ынталандыру болмақ. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы екенін еске сала отырып, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігіне тоқталды.Осыған орай біздің колледжді бітіріп шыққан түлектер сұранысқа ие мамандар.
Айта кететін жай облыс әкімдігінің қолдауымен 2017 жылдан бері облыстық ветеренария басқармасымен дайындалған пилоттық жобаға байланысты колледжбен келісім шарт жасалынып«ветеринария» мамандығы бойынша студенттер тәжірибеден өтіп, бітіруші 41 түлектің 36 – ы облыстық, аудандық және қалалық инспецияларда өз мамандықтары бойынша толығымен жұмысқа орналастырылған.
Сонымен қатар, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінде қазіргі таңда оқыту бағдарламаларын өзектендіру мәселесіне зор көңіл бөлініп, оқытудың дуалды түрімен қатар модульді-құзіреттілік оқыту бағдарламасы енгізілген.Оның мақсаты-білім алушыларға білім берудің инновациялық тәсілдерін, әдістерін, құралдары мен технологияларын әзірлеу үшін мамандардың даярлық сапасын көтеруге бағытталған интеллектуальды әлеуетін көтеру.
Елбасы атап өткендей, қазақстандықтардың болашағы-қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн еркiн меңгеруі болып саналады. Латын әлiпбиiне көшу бiздiң тiлiмiздi халықаралық деңгейге жақындатуға көмектеседi.
Осының айғағы ретінде колледжімізде есептегіш техника мамандықтарында арнайы пәндер «Клил» технологиясы бойынша үш тілде оқытуда.
Елбасы Жолдауы – біз үшін жаңа белес .Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған Елбасының бүгінгі Жолдауы – бір күнде айтыла салған әңгіме емес, бұл елдің болашағы үшін тереңнен толғанып шешілген өте маңызды шешім. Осы орайда колледжімізде шет мемлекеттерде тағылымдамадан өткен жас оқытушыларды айта кеткім келеді. Атап айтқанда 2017 жылы колледждің жас оқытушылары Ұлыбритания мемлекеті Глазо қаласы «Глазо Каледониан университетінде» және Малайзия еліндегі Азия-Тынық мұхит инновациялар және технология университетінде тағылымдамадан өтіп келді.Сонымен қатар студенттер арасында 2018 жылдың «WorldSkills Kazakstan» Ұлттық чемпионатының аймақтық іріктеу байқауында 2 студентіміз жүлделі 1 орынды иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды .
Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен талаптарды жұмыла орындау , ел дамуына елеулі үлес қосу әрбір қазақстандықтардың мерейлі міндеті деп білемін.Осы орайда біздерге, педагогтарға тың жаңа міндеттер жүктеліп отыр.
Біз бүгінгі рухани мәдениетімізді жоғары интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеуге жұмылдырып, өскелең ұрпақтың дүниетанымына, тәрбиесіне, біліміне, бәсекеге қабілеттілігіне зор көңіл бөлуге тиіспіз.
Ендігі міндет – Президент алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру.
Айтенова Магрипа Махмутқызы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі директорының
оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары