Home » Мақалалар » Ұстаз – ұлы есім  

Ұстаз – ұлы есім  

                        Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Халық даналығы

 

  Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, қазан айының 4-ші жұлдызы, ұстаздар күніне арналған «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Мерекелік іс – шара мектеп директоры Едильбаева Динара Лазырқызының  алғашқы сөзімен ашылды. Сонымен қатар, бұл іс – шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары Таджиева Сайда және Бұзауов Мейірбек сынды ұстаздарымыз да өз кезегінде алғыстарын білдіріп, «Ұстаздарға арналған мерекенің адам­заттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек, жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміздің, ізетіміздің жөні басқа екендігін», — айтып өтті.

Осы іс – шараның жалғасы ретінде мектебіміздің педагог – ұйымдастырушысы Т.А.Такееваның ұйымдастыруымен «Менің сүйікті ұстазым» атты тақырыпта мектеп оқушылары қабырға газетінен бұрыш жасады. Ол газетке мектеп ата – аналары да толығымен ат салысып, белсенділік танытты.

Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет. Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз да, 20 – 30 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан аяулы ұстаздарымыз да бар. Қадірлі ұстаздарды жандарына шуақ шашар сәулелі мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салды.

Шәкіртсіз ұстаз тұл деп тегін айтылмаса керек. Мен осы сөздің дәлелі ретінде мына бір өлең шумағын арнағым келіп отыр.

Ұстаз болу жүректің батырлығы,

Ұстаз болу сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу мінездің күн шуағы,

Азбай тұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздарымыздың бар екеніне біз мақтанамыз.

 

                                                 С.Х.Ускембаева 

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы

                                                                         «№7 Сарысу ЖОББМ» КММ – нің

      аға тәлімгері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.