Ұстаз деген сөзді, ұстаз деген мамандықты мен ең қасиетті құндылық деп есептеймін. Себебі, ұстаздың алдына келмейтін адам болмайды. Әр бала үшін ұстаз оның екінші анасы, әкесі, досы. Неге? Себебі, баланың кішкентай жүрегі осы ұстаздан жылулықты, қамқорлықты сезіп, қамқоршы ретінде қабылдап, әрі өзінің досындай сырласа алады.
Мұғалімге тән ең бірінші қасиет- баланы құрметтеу.Оның адамшылық ар – ожданы, намысы, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкенжүрегінен келіп шығады. Әр баланы жас ерекшелігі, мінез құлқы, өскен ортасына қарай танып, азамат қылып қалыптастыру – әр педагогтың мұраты.
Ұстаз қандай болу керек? – деген сұрақтың жауабын дана, данышпан Абай атамыздың шығармаларынан табамыз. Ол- ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек иесі.
Елбасымыз «Біз білім –ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен,ХХI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациалық технологиялар, реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді.
Ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу. Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында жан – жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».
Сондықтан бүгінгі ұстаз оқушыларға белсенді әрекеттер жасауға жағдай жасауы керек, ол: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікірталастыру,сабақтан алған білімдерін өмірде пайдалана білу.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады, — дейді.
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Білім игеру процесінің еңбасты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді, үйренеді.
Ұстаз – шебер. Ол сенім атмосферасын қалыптастырып, мейірім шапағатын сыйлайды. Ұстаз оқушылардың қызығушылығын арттырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды.
Ұстаз – білімге шығаратын жолды нұсқаушы, осы жолмен өзі де жүріп келеді.«Заманына қарай адамы» деп, осы өзіміз өмір сүріп отырған уақытқа сай ұлтжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетіміз. Қасиетті білім ордасы мектепке білсем, көрсем, білімді азамат болып өссем деп үлкен арманмен келіп отырған кішкентай азаматтарды оқытып, тәрбиелеуге ұстаздық ықыласпен қарау – парызымыз.
Бекбулатова Алия Калиевна
Ақтөбе қаласы
№34 орта мектебі