Мамандық –еңбек пен сүйіспеншілікті қажет ететін табыс табудың бір түрі. Нағыз маман иесі болу үшін әр қызметкер өз мамандығын жақсы көре білу қажет. Мамандық-өміріңнің кірпішін қалау болып саналады. Сол себептен де өмірде екі нәрсені таңдаудан қателеспеу керек: бірі – мамандық таңдау, екіншісі – өмірлік жар. Өмірде түрлі мамандық түрлері бар және олар заман ағымымен бірге әрқашан жаңарып отырады. Бірақ осы мамандықтардың ішінде бұрыннан келе жатқан қазіргі уақытта да қажеттілікті талап ететін мамандықтар да бар. Мысалы, мұғалім, аспаздық, дәрігер, тігінші, құрылысшы және т.б. Осы мамандықтардың ішінде де жан-жақты білімділікті, шеберлікті, жауапкершілікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаз болу. Қазіргі замандағы мұғалімдер оқушыға керек мәліметтер мен білім беріп қана қоймай, ол баланың тәртібі мен мінезіне де талай өмір сынақтары мен қиындықтарынан өтуге тәлім-тәрбие береді. Міне осы себепті мұғалімдерді «Ұрпақ тәрбиелеуші» дейді. Болашақтың басшысын да, ғалымын да, данасын да, егіншісі мен кеншісін де тәрбиелейтін мұғалімдер болғандықтан, оларды сыйлап, ардақтауымыз қажет.
Менің ерекше сыйлайтын, құрметтейтін, үлгі тұтатын ұстазым – Каужанов Нұрхан Тілеужанұлы.
Нұрхан Тілеужанұлы бізге математика пәнінің қыр — сырын үйретіп қана қоймай, өзінің көрген — білгенін айтып, ақыл — өнеге үйретіп отырады. Нұрхан ағайды мен білетін математик, өз ісін жетік меңгерген тұлға ретінде танимын. Сүйікті ұстазым өз мамандығы бойынша көптеген жетістіктерге жеткен. Талай жарыстарда қарсыластарының алдын орап, білімділігі мен біліктілігінің арқасында жүлделі орындар алған. Мен ағайымның әр айтқан сөзі мен ақылынан өзіме білім, тәрбие аламын. Сонымен қатар осындай білікті Нұрхан ағайдай маманнан білім алып жатқаныма қуанамын. Қазіргі уақытта да, болашақта да осындай білімді, жұмысына адал мұғалімдер көбейетініне сенемін және де өз мұғалімдеріме үлкен рахмет айтамын!
Шайзада Ақжан
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп – лицейдің
8-сынып оқушысы
Қызылорда қаласы