Алматы қаласы Білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 5-11-5/ 3391-і хаты негізінде, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп оқушылары 11 сынып оқушылары бастауымен Ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, керемет концерттік бағдарлама арнады. Барлық мамандықтың анасы ұстаз екенін ескерсек, айтулы күні мектеп мұғалімдері төл мерекелерінде бас қосты.Олардың арасында осы салада еңбек еткен ардагерлердің орны ерекше болды. Ұлы мамандық иелері ұстаз ардагерлер Фахрутдинова Г.А. және Бирюкова Л.М. зор құрметке бөленді. 11- сынып оқушылары барша ұстаздарды кәсіби мейрамдарымен құттықтап жылы лебізін білдірді.
6, 11 сынып оқушыларының хорлық арнаулары ұстаздардың төбесін көкке жеткізгендей болды.
Салтанатты шараға «Краски шау» өз репертуарларымен қатысып, еңбегі ерең ұстаздарға әндері мен сахналық көріністерін арнады.
Атап айтсақ, 7- сынып оқушы қыздары гимнастикалық стильдегі билерін, ал ұлдары «лезгинка» тарту етсе, 5-сынып оқушысы Юй Давид қытай тілінде «Ұстазға тағзым» әнін орындады.
Халықаралық жұптық бал билері чемпиондары Игнотенко Стас және Прудько Валерия «ЧА-ЧА», «Джайф», «Джамбо» жұптық билерімен , 11-сынып оқушысы Омарбай Ерасыл синтезаторда жанға жағымды классикалық күйлерімен көрермендерді тәнті етті.
10-сынып оқушылары ұстаздың бір күндік өмірінен қойылым қойып, ұстаздың мәртебесін асқақтатуға өз үлестерін қосты.
Мерекелік шарада барлық ұстаздардың көңіл күйі ерекше көтеріңкі болды. Мектеп оқушылары арнаған ән, би, күйлері шараның көтеріңкі рухпен өтуінің кепілі боды. Ал мұғалімдер өз кезегінде ризашылықтырын жеткізді. Осылайша ұстаздарымыз төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтті. Ұстаздар әрі қарайда ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосып, үлгілі шәкірттерді тәрбиелеп өсіруге ат салыса бермек.
Төл мерекелеріңіз құтты болсын Ұстаздар қауымы.
ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.