«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп. Осындай мектептердің бірінде тынбай еңбек етіп жатқан, кәсіби шеберлігі шыңдалған аяулы әріптесімізді тілге тиек еткіміз келеді.
Ақсу қаласының Құркөл ауылында дүниеге 1975 жылы келген, 2003 жылы Павлодар университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, 2008 жылдан бастап қаламыздағы №25 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен бүгінгі ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ізденімпаз, білікті маман Теміржанова Меруерт Әсетқызы білім беру саласында 23 жыл еңбек етуде.
Оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану мақсатында ұстаздықты ту еткен Меруерт Әсетқызы өзінің ізденімпаздығымен айтулы жетістіктерге жетті.
Аудан және қалалық әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне арналған семинарларда «Шеберлік сыныптарын» жыл сайын өткізіп тұрады.
Меруерт Әсетқызы – облыс көлемінде өткізілетін «С. Торайғыров оқулары», «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқулары», «Қ. Бекхожин оқулары», «Махамбет оқуларына» оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген, халықаралық «Сәтбаев оқуларына» 2014 жылдан өзі де, шәкірттері де жүйелі түрде қатысып, ІІ,ІІІ жүлделі орындарды иеленіп, жыл сайын кемінде 34 оқушының ғылыми зерттеушілік, танымдық, шығармашылығын шыңдап, ой өрістерін дамытуға үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз.
Келешек ұрпаққа кемел білім деген ұстаныммен білімді, үлгілі шәкірт тәрбиелеп, ата-ананың алғысына бөленіп, әріптестері арасында сыйлы, көпбалалы ана Меруерт Әсетқызының оқушылары әрқашан өздерінің жетістіктерімен қуантып жүреді. Солардың қатарында Ахметжанова Софья, Манапова Анар, Амангелді Ботагөз, Жумагалиева Әлия, Абельдинова Ажар, Сайдағали Анель, Қайролла Жасмин, Хозыұлы Фархаттар бар, бұл тұста республикалық «Алтын калам-2016» байқауының иегері, сондай-ақ, Мағжан, С.Торайғыров, Абай оқуларына қатысып көзге іліккеен Бауржанова Гүлнұрды да айта кеткен жөн.
«Мәшһүртанудың ғылыми негіздері — «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағына енген ғылыми мақаласы үшін алғыс хатты иеленді.
2015 жылғы «Жыл мұғалімі» байқауының «Шоқ жұлдыз» номинациясы бойынша ІІ орын, Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналының ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Көк тудың желбірегені…» атты шығармашылық байқауына шәкірттерін қатыстырып, белсенділік танытқаны үшін диплом, «Үздік педагог-2017» қалалық сайысында І орын, «Үздік авторлық бағдарлама-2017» қалалық сайысында ІІІ орын, «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары-2017» қалалық сайысында ІІ орын иегері атанғаны – шәкірттері, ата-аналары, әріптестері, әуелі, мектебіміз үшін де үлкен мәртебе.
Облыстық, республикалық басылымдарда ғылыми-әдістемелік тұрғыда ой қозғап, тұжырымды пікір танытқан мақалалары әріптестерінің көңілінен шығуда.
Міне, осындай елеулі еңбегімен елге танылып жүрген Меруерт Әсетқызы барлық жетістіктеріне соңғы үш жылда мектепішілік рейтинг бойынша бірінші орын алып, Павлодар облысының білім беру басқармасы Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Сын тұрғысынан ойланту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша облыс мұғалімдері арасында тәжірибесі жинақталып, өзіндік іс-тәжірибесін таратудың нәтижесінде жетіп отыр деген ойдамыз.
Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы
Павлодар қаласы №25 жалпы
орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі