«Мектеп – кеме, білім – теңіз» деп ардақты ұстаздарымыз өз білген-түйгендерін санамызға жеткізуге тырысты. Оқысын, тоқысын деп талай еңбектенді. «Ұстаз – ана» деп бекер айтпаған. Үйде сен үшін шырылдайтын – ана, ал мектепте сен үшін безектеп жүгіретін, әрине, ол – ұстаз. Ұстаздарды құрметтеп, шын ниетіңмен сыйласаң, анаңа көрсеткен ізеттілікпен тең. Сенің еркелікке басқан мінезіңе анаң мен ұстаз ғана төзе алады.
«Педагог» деген сөздің өзіне мұқият қарасаң, үлкен ұғым жатыр. Адам санасын, сауатын ашатын, надандық деген қараңғылықтан құтқаратын үлкен дүние. Ұйқыда жатқан сананы бірден түртіп оята салу оңай нәрсе емес. Сананы оятып, сауатын ашу үшін үлкен еңбек пен төзімділік қажет.
Ұстаздарды біз не үшін құрметтеп, бағалауымыз керек? Өйткені, бізге 42 әріпті санамызға қондырып, одан әрі білім нәрімен сусындатты. Көзімізді ашып, көп дүниені жалықпай үйретті. Біз осы ұлы тұлғаларға қарыздармыз. Ұстаз болмаса, педагог болмаса біз осылай жүрмес едік, осы күнге жетпес едік. Надандықтың көлеңкесінде маужырап жүре беруші едік.
Құрметті ұстаздар, сіздердің төзімдіктеріңіздің, терең білімдеріңіздің арқасында адам баласы осындай дәрежеге жетіп отыр. Сіздерге алғысым шексіз, еңбектерініз жаңа берсін!!!!
Бидаш Ақбота Сәбитбекқызы
Рудный қаласының 19 орта мектебінің
Толық күнді шағын орталық тәрбиешісі