Home » Айтарым бар » «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» дегендей, 50 жас мерей тойыңыз құтты болсын демекпін!!!!!

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» дегендей, 50 жас мерей тойыңыз құтты болсын демекпін!!!!!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ия, бүгінгі ұстаздың жүгі қаншалықты ауыр болса, соншалықты жауапты. Бүгінгі мұғалім білімді, талантты, жан-жақты, ұшқыр ойлы болуымен қатар бала бойына біліммен бірге өмірлік нәр себуші жан. Ол – өзіне, өзінің баласына емес  өзгенің баласына алаңдайтын жан. Жан Жак Руссоның сөзімен айтсақ «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау».
Біз сөз еткелі отырған осындай  ұлағатты  ұстаздың бірі – педагогика саласында  30 жылға жуық  еңбек еткен Абылбаева Баян Алтынбековна.  15 жылға  жуық Қарағандыдағы қара шаңырақ Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетеінде еңбек етсе, қазіргі таңда ел  болашағы – дарынды, талантты балаларды ерекше қамқорлықпен оқытып жатқан, Қарағанды қаласында 2013 жылы бой көтерген Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  табысты қызмет етуде.
Ұстаздың бір күндік еңбегіне үңілер болсақ: жұмысқа ерте келу Баян Алтынбековнаның ең басты ұстанымы. Басқа әріптестері  келгенше терезені ашып, желдетіп, жұмыс орнын әзірлеп те үлгереді. Одан кейін шаңырақтың 43 баласын қарсы алуға шығады. Олардың көңіл-күйін біліп, мектеп формасының сақталуына,  сабаққа дайындықтарына аса мән беріп, сабаққа шығарып салады. Әр күн сайын әр шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау, олардың мектепке кіргеннен үйге қайтқандарына дейін әр сәттерін қалт жібермей, жандарынан табылу күнделікті іс-әрекет болғанымен, сол алтын уақытында бір кішкене болса да өздеріне нәр алсыншы деп бір сәтке тыным таппай жүреді.  Әр оқушының мектепке кешікпей келуіне, мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуына қатаң қарайды. Сондықтан да шығар ол басқаратын  «Сарыарқа» шаңырағының бірден-бір оқушысы кешігу мен сабақтан себепсіз қалуды білмейді. Әр сөзін адамгершілік қағидаларынан бастайтын, жаман мен жақсыны ажыратып, әр заттың нарқын білуге баулуда   ұлы Абайдың  өлеңдері мен қара сөздерін айтып  оқушының санасына да сіңдіріп отырады. Сол еңбегінің жемісі деп білеміз, мектептің алғашқы түлектерінің шет жерде жүрсе де өз бойларында қалыптасқан қасиеттердің көп көмегі барлығына қуана айтып жүреді.
Баян Алтынбековнаның педагогика саласына қосқан үлестері де аз емес. Өзінің педагогикалық іс-тәжірибесімен әріптестерімен ғана емес, пилотты мектептермен, барлық зияткерлік мектептеріне де таратып отырады. 40-тан аса ғылыми мақалалары мен екі әдістемелік құрал, жинақ,   оқушылармен жүргізген бірнеше шығармашылық жұмыстары  жарық көрген. Осы еңбек жолында  талай алғыс хаттар мен мақтау қағаздарының, үздік дипломдардың иегері. Ең бастысы тіл жанашыры, тілдің таза әрі мәртебесінің жоғары болуына бар жанын салады, оны барлық уақытта қастерлеп, құрмет тұтады және әріптестеріне де сол ұстанымын негіздеп отырады.
Педагогика саласының маманы, өз ісінің шебері Баян Алтынбековна сонымен қатар аяулы ана, отбасының ұйытқысы. Қызы Таһуана, жолдасы Саламат  оның ең үлкен  ынталандырушылары. Ширек ғасыр өмірінде қиыншылығына қарамай, өмірге тек оптимистік көзқараспен қарайтын ұстазға алдағы уақытта  рухани бай, елдің ертеңгі тізгінің қолдарына сеніп тапсыра алатын ұрпақ тәрбиелеу ісінде қажырлылық, күш-қуат тілей отыра, отбасында  амандығы мен бақыты, қуаныш мен шаттығы қатар жүрсе екен дейміз.

 

Айгуль  Жумабекова  Габдрахмановна
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
химия-биология бағытындағы
педагог-ұйымдастырушы-кураторы
Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.