Ұстаз! Бұл кім? Бұл — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық, өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. «Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп бекер айтылмаған; Ұстаз бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған халқының дәстүрін, тәрбиесін, білімі мен еңбегін сіңіруші жан.
Оңашада отырып, ұстаз туралы ойға кетем, көз алдымда ашық жарқын мінезді, жылы жүзді ұстаз бейнесін көріп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған жұмысқа кірген сәтімде, күлімдеп қарсы алған, ұжыммен таныстырған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары — Сүттібаев Егізбай ағай, мен үшін ең ыстық, ең жақын, адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі, ең ұлы тұлға болып қалады. Ағайдың осы жылға дейін істеген еңбектерін ауызбен айтып жеткізу өте қиын. Қиын сәттерде, қол ұшын беріп әрдайым демеу болған.
Жасы мен үлкенге бірдей мейіріммен қарай білген, ұстаз жанын түсінетін адам.
Оннан бірінің қолынан келмейтін іс атқарып, әр ұстаздың жанынан табылатын жан. Ұжымымыз өте үлкен, екі ұлт өкілдерінің басын қосып, сыйластықпен, ауызбіршілікпен бір қайықтың ескегін есіп, қиын өткелден өтуіне бас болып, жаңа «Әл- Фараби» мектебі осы ұжымның татулығымен, ынтымақтастығының арқасында бітті деп ойлаймын.
Меніңде мектептік қызметте жүргеніме 26 жыл болыпты. Ал Егізбай ағай бұрынғысынша бір қалыпты, сол мінез, сол мейірім, ағайдың қызметі өсіп мектеп директоры болды. 8-9 жыл мектепті басқарды. Кейін социолог қызметін және биыл қайтадан директордың оқу ісі бойынша меңгерушісі болып қызмет атқаруда. Бір қалыпты ұжымға өте сыйлы, беделді, барлық ұстаздар жанындай жақсы көретін тұлға, білікті маман, ұлы ұстаз ретінде зейнеткерлік жасқа жеткенше басымды иіп өтемін.
Ұстаз — ақ жүректі, жылы жүзді, мейірімді жан. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған жан, ұлы тұлға.
Ұстаз болу- жүректің тазалығы,
Ұстаз болу- ақылдың даналығы,
Ұстаз болу- мінездің жан шуағы,
Ұстаз болу- адамның асылдығы!
Тлеуберлина Г.О
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі