«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей түседі. Қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп грек философы Сократ бекер айтпаса керек-ті. Шәкірттеріне білгенін үйретіп,
тұлға болып қалыптасуына жол нұсқайтын ұстаздың орны бір бөлек. «Өзімнің білімімді жетілдіре отырып, оқушының білім деңгейін, шығармашылық қабілетін арттыру» — деген ұстанымын өзіне тірек еткен
кейіпкеріміз — Зекенова Айым Ырымғалиевна. Айым Ырымғалиевна 1971 жылы ақпан айының 5 жұлдызында Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі ауылда мал дәрігері болып қызмет істесе, анасы мектепте математика пәнінен сабақ беріп, алты баланы өсіріп жеткізген. Анасының ізін жалғап, ұстаздық жолда келе жатқанына шамамен 30 жылдың мұғдары да болып қалыпты. Мектеп қабырғасына 1979 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы
ауданына қарасты Балқантау орта мектебінің табалдырығынан аттайды. Алғашқы еңбек жолын 1990 жылы Егіндібұлақ селосы Балқантау орта мектебінен бастап, 1992 жылы Арқалық орта мектебіне ауысып, тәрбие
ісінің орынбасары қызметіне тағайындалады. 2006 жылға дейін қызмет істеп отбасылық жағдайына байланысты Қарағанды қаласындағы №86 мектепке келеді. Бұл мектепте де тәрбие ісінің орынбасары қызметіне
тағайындалып, қызметін одан әрі жалғастырады. Содан 2015 жылы осы қызметінен бастартып, ұстаздық жолға келеді. Айым Ырымғалиевна қазір жоғары санаттағы тарих пәнінің ұстазы. 8 «А» сыныбының және тарих пәні бірлестігінің әдістемелік жетекшісі. «Ұстаздық қызметті дамыту үшін – мұғалім өзі сауатты, жан-жаққты болу
қажет» — деген ұстанымды берік ұстаған ұстазымыз бүгінгі таңда түрлі тренингтер мен оқуларға қатысып білімін одан әрі шыңдауда. Жаңа бағдарлама бағыты бойынша 3 айлық деңгейлі курстан өтіп, баспа беттеріне
де еңбектерін тұрақты жариялап тұрады. Екі жылдан астам уақыт 80 сағатты оқу сағатынан тұратын жаңартылған білім бағдарламасы бойынша «педагогикалық шебелік оқулары» атты оқулықтарын өткізіп келеді. 25 тен
астам мұғалімдерге арнайы курс өткізіп, сертификаттар табыстаған. Бұл дегеніміз Айым Зекенованың ауыз толтырып айтатын жетістіктерінің бірі деп білеміз. Түрлі облыстық, республикалық жарыстардан орын алып келген шәкіттері қазіргі таңда сол жеңістерінің жемісін көріп отыр. Шәкірттерінің алды түрлі қызмет орындарында қызмет істеп, Еуразиялық университетіне грантқа түскен шәкірттері де бар . «Түрлі олимпиядалар мен
конференцияладан орын алып келетін белсенді оқушыларым Ахметқали Жандос пен Бақбергенова Тоғжан демалыс кезінде келіп, бізге амандасып тұрады. Қалімді сұрап, мені бір қуантып кетеді» — дейді ұстаз.
2014 жылы үлкен деңгейде өткен ғылыми практикалық конференцияда шәкірті Қасен Әйгерім бағын сынап, байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік жұмыс деп танылды. 2016 жылы облыстық көлемде тәуелсіздік
жылдарына байланысты «Бір тудың астындағы бір ұлтты жанұя» шығармашылық конкурсында Шакаримов Нұрасыл І орын, Тұрлыбекова Әйгерім ІІ орын, Тілеужан Қасиет ІІ орынды иеленіп қайтты. 2017 жылы
Астана қаласында өткен республикалық шығармалар конкурсында Асқар Ақерке жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар дәл осы жылы Астана қаласында Қазақстан педагогтар иновациялы идеяларын дамыту
орталығында құрмет грамотасымен марапатталып, «Құрметті ұстаз» деген төсбелгі табыс етілді. Әрине, бұның бәрі еңбектің арқасы емес пе? Еңбегі еленген, көпке үлгі ұстазымызға жеткен жетістіктері үшін 2018 жылдың
қазан айында қалалық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапаттады. Дәл осындай құрмет грамотасы 2016 жылы да табыс етілген болатын. Шәкірттерінің бағын жағып, дарынын ашқан ұстазымызға алдағы
уақытта тек жетістіктер мен шалқар шабыт тілейміз.
Ербол ЕРБОЛАТ
Қарағанды облысы бойынша Республикалық
«Білім айнасы» газеті мен «bilimainasy.kz» сайтының тілшісі