Home » Ашық сабақтар » Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

A-16 тобына өткен тәрбие сағаты

Мақсаты: Студенттерге ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын студент санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеті: Студент санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.

Топ жетекші – Едигаева Г.А: «Ұстаз.., жаратылысынан өзіне айтылғанының бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны жақындарына да, жат адамдарға да әділ. Жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл ер жүрек болуы керек» — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат беріңіздер…

1-студент – Ақшабай Ләйлә:

  • Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.

2-студент – Қуанғали Рысбек:

—   Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.

Білімнің кәусәр бұлағын,

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сізсіз, мұғалім,

Ұстаз да, ғылым, дана да.

3-студент – Союпова Лаура:

—   Ең күрделі ғылым – Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі,  сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, студенттер, армысыздар! Бүгінгі «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

2-студент – Есенкулова Жаннұр:

  • Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған – ұстаздар. Қыр сырын зерттеп заманның

Ұлылығын айтып бабамның.

Өнерге өріс беретін

Барсыз ұстаз мәңгілік.

4-студент – Даслыков Алишер: Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Ұстаздар – ұлттың тірегі Ұстаздар – мектеп жүрегі Ұрпаққа жетер ұстазбен, — дей отырып, «Ұстазым, менің ұстазым» әнін қабыл алыңыздар! (Қаратаева Гүлнар, Шотова Ақтолқын)

Топ жетекші – Едигаева Г.А: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да – бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан да ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

1-студент – Ақшабай Ләйлә: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар ұстаздар ғой…

4-студент – Даслыков Алишер: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін өлең жолдарымен білдіреміз.

Сабағыңнан қалсаң іздеп келетін,

Сырқаттансаң емдеп те өзі көретін.

Жалықпастан жанында ұзақ отырып,

Нелер қызық ертегі айтып беретін.

Темірбеков Шыңғыс: Көңілін бар шәкірттің таба алатын, Кеуделерге намыс отын жаға алатын. Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз, Білімді шәкірттер тәрбиелейтін.

Сабыров Ринат:                                                                            

Алдыңа келіп, ұстазым,   

Тұңғыш қалам ұстадым.   

Күлімдеген көзіңнен,   

Мейірімді сезінген.

Әбдірахман Томирис:                                                                                            

Жүрегі кең ұстаздар данасы гой, Қамқор болған біздерге баласындай. Топ жетекшілері ыстық ықыласымызды, Қабыл алыңыздар аялаған біздерді баласындай.

3-студент – Союпова Лаура: Ұстаз деген ұлы сөз, Жүректің берген бағасы. Мұғалім ұстаз бола алсаң, Баланың көп қой данасы, деп тобымыздың белсенді студенттерінің би шашуын қабыл алыңыздар (Қаратаева Гүлнар, Қожабаева Ақтеңге, Шотова Ақтолқын, Түбір Малика)

1-студент – Ақшабай Ләйлә:

Әр сабағың өтіп жатыр

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып

Тұрасыз сіз, дирижер болып күлімдей, демекші ендігі кезекте топ жетекшімізге арналған сауалдар — Гүлзада Аманқызы, ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?

Топ жетекші – Едигаева Г.А: Ұстаз болу – менің бала күнгі арманым… Мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барып, әріп үйренгеннен бастап ұстаз болғым келді, «бәлкім, алғашқы ұстазым Хиуа Мақсымқызын анамдай жақсы көріп, сыйлағаннан болар, сол кісі менің «идеялым» болып, сол кісіге ұқсағым келетін…». Ал ағылшын пәнінің ұстазы атануды жоғарғы сыныпқа барғанда шештім. Оған көп үлес қосқан анам болатын. Сөйтіп, алты жыл ағылшын тілін оқып (үш жыл колледжде және үш жыл Университетте) 2014 жылдан бастап сүйіп тандаған мамандығымның иесі атандым.

—  Мектепте қандай қызықтармен кездесе білдіңіз?

Топ жетекші – Едигаева Г.А: Мектептегі қызықтарды еске түсірудің өзі бір сағыныш.., (бір – екі оқиғаны еске түсіру )

— Мамандық таңдау қиын болдыма?

Топ жетекші – Едигаева Г.А: Мен үшін мамандық таңдау қиын болған жоқ, өйткені мен кішкентай кезімнен мұғалім болуды армандап, сонын жолында көп оқыдым. Мамандық таңдау үлкен шешім, өйткені ол сенің болашақ жейтін наның, ішетін суың. Ал мұғалім атану үлкен жауапкершілік, себебі алыңда әр үйдің еркесі, жалғызы отырғанда оларға, білім берумен қатар, өмірге деген бағыт, дұрыс жол көрсету парызымыз болып табылады.

1-студент – Ақшабай Ләйлә:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады ой Алла, — дей отырып, студенттердің сіздерге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!   

 

Ақатов Мирас:

Мұғалім – ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңды,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.       

 

             Ургешов Диас:

           Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.

 

Сарбаев Жолдас:                                                                              

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,      Ұстаз болу – мінездің күн шуағы.      Азбайтұғын адамның алтындығы…

 

Уразкалиев Жанил:

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем.

2-студент – Қуанғали Рысбек:

Ұстаздарға мың алғыс!

Алғыстарым көп менің

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез даналық,

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық дей отырып, «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты тәрбие сағатын аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар, — дей отырып, барлығыңызды «Қара жорға» биін  билеуге шақырамын!

Едигаева Гүлзада Аманқызы

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі,

                                                                  Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.