Жыл сайын аталып өтетін ұлағатты ұстаздарымызға арналған мерекелік шара біздің білім ордамызда тым ерекше аталып өтілді. Ақмола облысы Целиноград ауданы, № 2 Қосшы орта мектебі ұстаздарына арналған есте қаларлық мерекені аталмыш мектептің 10-11 сынып оқушылары ұйымдастырды. Өзін-өзін басқару күні деп аталған мерекелік кеште ұстаздар бір күнге болсын өздерін оқушы сезінді, балалық шақтарын еске алды.
Бізге бұйырған бір күнгі ұстаз өмірі недеген қиын еді!
Білім беру, қадағалау, мектептегі тәртіпті ұстау, әр оқушының мінез-құлқын жатқа білу. Осының барлығы да ұстаздарымыздың еңбегі. Әрине, оңай емес!
Ұстазға деген құрмет артты. Мерекені қыздыра түскен ұстаздарымыз сабаққа кешігу, сабақтан қашу, сабақ бойы асханада отыру сынды күнделікті кездесетін шәкірттерінің қылықтарын қайталап, «бұзықтықтың» көкесін көрсетті! Қайталанбас қызықты күн!
Мереке соңы арнайы концерттік бағдарламаға ұласты. Би де, ән де, өлең де, әзіл де болды. Біз үшін қадірлі жандардың нұр жайнаған жүздерін көру шынайы бақыт.
Әсем шарлармен безендірілген мектеп ішінде, құшақтары гүлге толған ұстаздарымыз өздері үшін қызықты мереке, тамаша демалыс сыйлаған шәкірттеріне шексіз алғыстары білдірді.
Аяулы мұғалімдерімізге еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірт тәрбиелеуден шаршамаңыздар дегім келеді. Болашақ жастардың қолында болса, сол жастарға білім беретін, тәрбиелейтін ұстаздарымыз аман болсын!
Алишер Данагүл Бағдатқызы,
10 сынып оқушысы