Ақтау қаласындағы ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ұстазы Сарсенова Роза Кеңесқызына алғысымды білдіремін!
“Адамның адамшылығы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады” демекші, бүгін де баламның кураторының осы қатардан табылғанына қуанамын. Әрбір ісіне жауапкершілікпен қарап, әр баламен өз деңгейінде сөйлесіп, олардың тілін тауып жүргені іс-тәжірибесінің молдығы мен біліктілігі, іскерлігі деп білемін. Ата-ана ретінде көңілім толып, риза боламын. Үнемі хабарда болып, қолынан келгенше көмек көрсетуден еш аянған емес. Өзімнен жырақта жүрген баламды екінші анасындай толық сеніп тапсырамын. Әрбір шаруаны пысықтап тапсырып, талап қойып және сол талабын орындата алады.
Практикалық жұмыс кезінде де үнемі байланыста болып, қажет кезінде қолғабысын тигізіп отырды. Балалардың сабаққа немқұрайлы қарамауы бұл – біріншіден, куратордың талап қоя білетіндігінен. Қалаған мамандықтарын әрі қарай игеруге тигізген үлесі де орасан зор. Өткізілген жиналыстарда әрбір балаға жеке тоқталып, көптеген мәліметтер беріп жатады. Сөз саптауы, өзін ұстауы, педагогикалық әдебі мен мәдениетінен ұстаздың кәсібилігі, білімдарлығы көрініп тұрады. Мен ата-ана ретінде Роза Кеңесқызына өте ризамын. Сондықтан алғысымды білдіріп, болашақта білімді, ақылды шәкірттерінің көп болуын тілеймін.
Эн-13 тобының студенті Нұрханов Есеннің анасы Мұратқызы Аққораз
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Аташ ауылы