Home » Білім және тұлға » Ұстазым менің, ұстазым

Ұстазым менің, ұстазым

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған бала өзінің ең алғашқы ұстазын көреді. 1-сыныпта мұғалім мейірімді көздерімен, жақсы сөздерімен қарсы алады.  Ол саған қалай дұрыс жазуды, балабақшада үйренген әріптерді  қосып оқуды, есте сақтауды, мектеп ішінде жүріп-тұруды, денешынықтыру пәнінен шешініп-киінуді, бәрін-бәрін үйретеді. Ол — менің Қалима апайым.

Қалима апай — біздің ең сүйікті апайымыз болды. Үйде  анамызды іздесек, мектепте біреу ренжіте қалса, Қалимаш апайға сүйенетінбіз, бір қызығы,  апайға бәріміз таласатынбыз. Құшақтаса, мәз болатынбыз.

5-сыныпта көптеген мұғалімдермен таныстық. Алғашқыда ұмытып қалатынбыз, қазір барлық пән мұғалімдерін жақсы білеміз. Абай атамыз біздің мұғалімдер туралы керемет өлең жазған.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп жырлағандай, нағыз ұстаздар ғана біздің әртүрлі мінездерімізге шыдап, бізді тәрбиелеп, білім береді. Ұлдардың тентек мінездерін кешіріп, түзулейді. Түрлі спорттық жарыстарға, олимпиадалық байқауларға баулиды. Әрине, барлық мұғалімдер білімді, дарынды. Дегенмен де, сүйікті мұғалімдеріміз жүрегімізде  ерекшеленіп, бөлектеніп тұрады. Олар: математика пәні мұғалімі Күлбаран апай, қазақ тілі пәні мұғалімі Ақмарал апай, сынып жетекшіміз Парасат апай. Ұстаздардың жұмыстары қиын екенін мен әрдайым байқап жүремін. Олар нағыз еңбекқор, қажырлы адамдар.

Ұстаздар — дана жандар деп қорытындылағым келеді. Олардың алдында бас иемін, құрметтеймін.

 

Есқабыл Аяна

Алматы қаласы Әуезов ауданы
№173 мектеп-лицей
5 «Б» сынып оқушысы
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шатемірқызы Ақмарал

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.