(Суретте — ұстазым Рыскүл Досымова)
Жыл сайын қашанда алғашқы және соңғы қоңырау соғылғанда «Ұстазым менің, менің ұстазым» деген әсем ән мектеп дәліздерінен естуге болады. Жалпы өнер жұлдыздары қашанда осы ардақты әнді естен шығарған емес. Сөзі А.Шамкенов, әні Ә.Еспаев ағаларымыздың еңбегімен дүниеге келген ән әрқашан жүректерімізге нұр ұялатады. Көз алдымызға сан жылдар білім мен тәрбие нәрін сепкен аяулы жандарымыз келетіні рас.
Әлемде сан мыңдаған мамандықтар бар. Мен үшін солардың арасында ең ардақты мамандық — ұстаз болу. Менің ойымша ең қиын да, күрделі мамандықтардың бірі де — осы. Өйткені, кім болмасын, бәрі ұстаз алдынан өтетіні рас. Бізге ой-сана, тәлім-тәрбие, өнер- білім беретін ұстаздар қауымына құрметпен қарауымыз керек. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде қолымызға қалам ұстатып, әріптерді оқып, сандарды санап, оларды жазуға үйрететін, әр-түрлі өлең жолдарын жаттататын осы аяулы да, ардақты ұстаздарымыз. Осы ұстаздарымыздың арқасында біз жыл сайын сыныптан сыныпқа көшеміз. Әр сыныпта жаңа пәндер, оқулықтар қосылады, жаңа ұстаздармен танысамыз, білімге білім қосамыз.
Менде бүгін шәкірт және енді санаулы күндерден соң мектеп табалдырығынан түлеп ұшатын түлек ретінде, ұстазым Досымова Рыскүл апайым туралы қағаз бетіне жазуды жөн көрдім. Ия, ұстазым қашанда бізді өз баласындай көрді десем артық емес. Әрқашан шәкірттерінің жақсылығына қуанып, кемшілігімізге мұңайған сәттері аз болмады.
Әрине, қазақ «Бала балалығын жасайды», «Бала баланың ісі шала» деген сөздері бар. Мектеп табалдырығында талай қызықтар бастан өтті… Анамыздай болған Рыскүл апайымызға сынып атынан алғыс айтқым келеді. Жасыратыны жоқ уақыт шіркін қандай тез?! Міне, енді өмір мектебіне қадам басқанда ұстазымыздай жандарға кездессек деген арманда жоқ емес бізде! Туған үйіңнен алғаш мектеп табалдырығын аттағанда Рыскүл апайымыздың алғаш қолыма қалам ұстатып, үйреткен әріптері үшін қашанда бас иемін! Баланың өмірде жақсы адам болуы, алғашқы ұстазына байланысты деп жатады. Менде өз тарапымнан ұстазымның берген білім, тәрбиесінен еліме адал қызмет ету арманым!
Ойымды қорыта келе Рыскүл апайыма деніне саулық, отбасында бақытты, ұстаз ретінде шәкірттері қашанда жұлдыздай жарқырап, ұстазымның мәртебесі өсе берсе деген тілектемін!
Базарбекова Еңлік Батырбекқызы,
Қызылорда қаласының №187 М.Шоқай атындағы
қазақ орта мектебінің 11 «ә» сынып оқушысы