Home » Ашық сабақтар » Ұстазым менің –ақылшым! (кездесу)

Ұстазым менің –ақылшым! (кездесу)

Мулкибаева Баршагул Муратовна

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,

Жармыш орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

 Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орынын паш ету. Шәкірттердің әр ұстазға деген сүйіспеншілігін, алғысын білдіре отырып, ұстаздармен сырласу.

Жүрісі:

Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өзіміздің ардақты ұстаздарымызбен сырласу кешіне қош келдіңіздер! Бұл кештің өте жақсы өтуі сіздер мен біздерге байланысты. Берілген сұрақтарға шынайы жауап берсеңіздер.

Ұстазға

Менің балғын қиялымды тербеткен,

Құшағымды алыстарға серметкен.

Айта аламын жұрт алдында қысылмай,

О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.

Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от болып әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

Аралатқан ғылымдардың мол бағын,

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

Көрген сайын жанарыңнан оқимын,

Ізгілік пен парасаттың жолдарын.

Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке – ұстаздар мерекесі құтты болсын! Құрметті ұстаздар сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Осы біздің сырласу кешімізге өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды шақырып отырмыз.

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,

Күнім болып көріндің аспанымда.

Білім болып егілдің жас жаныма,

Гүлің болып төгілдің асқарыма.

Біз дегенде ұмытып бала қамын,

Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?

Бастауыш апайларым жас жадымда! деп Үміт апайды шақырып отырмыз.

“Good morning teacher” деп бастаймыз оның әрбір сабағын,

Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын.

Гүлсара апай, сіз салған сара жолмен,

Барамыз болашаққа қадам басып.-деп Гүлсара апайды шақырдық.

Бар ғұмырын химияға арнаған,

Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.

Гүлсім апай сізге де үлкен алғыс,

Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған. Гүлсім апай ортада.

Ана тілім – бабам тілім, ардағым,

Келді кезек өзіңе ән арнағым.

Мәртебесі өскен сайын тілімнің

Көркейгендей болып келед жан-жағым.

Мәртебесі асқан сайын тілімнің,

Көкке пырақ мініп самғатар.

Ұстаздық еңбек жолында талмай еңбек еткен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майра апайда жанымызда.

Сурет салып, сыздырар,

Өнерін ол үйретер.

Қос қолынан бал тамған,

Көрген жанды тамсандырған

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сәттіғали ағай да бүгінгі кештің қонағы.

Орыс тілін оқытып,

Букваларды тоқытып,

Еңбек етіп жыл

Шәкірттерін орысша сайратып,

Жәния апай жүр күлімдеп.

Синтаксис, морфология, фонетика,

Білші сен осы бастан және лексика.

Абай, Мұхтар, Шәкәрім еңбектерін,

Мәнерлеп оқы және жатта,-деп жүретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәуреш апайда ортамызда.

Осы “Мұғалім”, “Ұстаз” деген ардақты аттың астарында қаншама қасиетті ұғым тұр! Саналы өмір есігін қолыңнан жетелеп әкеліп ашып беретін ардақты адам ұстаз емес пе?!

І. Оқушылардың құттықтау тілектері.

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.

Айсана мен Айғаным сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, жүрек жарды тілектерін білдірмекші.

ІІ. Мектеп өмірінен сұрақтар.

Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,

Білімділік – бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты…

Келесі кезекте сіздерге өзімізді толғандырған, мектеп өмірі жайында сұрақтар қойғымыз келеді.

Енді сіздерге сергіп, көңіл көтеру мақсатында сіздерге ойын ойнатамыз.

ІІІ. «Мәтін құрастыру» ойыны.

Ойын шартын түсіндіріп, бірігіп ойнау.

ІҮ. Мектеп уақытындағы қызықты кезеңдерден сұрақтар.

Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашан да кешірген

«Өмір жолы-қиын жол»деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

Сіздердің балалық шақтарыңыз бізге қызықты, сол себептен сіздерге өзімізді қызықтырған сұрақтарды қойсақ.

Ү. Ұстаздардың отбасыларына арналған слайд көрсету.

Ұстазым – саф алтын діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін.

Бүгінгі мереке күніне

Сәл ғана  құрметім бұл менің.

Сіздердің суреттеріңізден құралған шағын бейнеролигімізді назарларыңызға ұсынамыз.

  1. «Қисынсыз өлең» ойыны.

Ойын шартымен таныстыру.

VII. Тосын сұрақтар.

Оқушылардың сіздерге дайындаған тосын сұрақтары және сіздер де бұл кезеңде өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

VIII. «Тауып көр» ойыны.

Ойын шартын түсіндіріп, ойнау.

  1. Қорытындылау.

Көргенде қуанамын өздеріңді,

Ардақтап әрбір айтқан сөздеріңді,

Бұл өмір көпсінбесін деп тілейміз,

Аман-есен боп жүрген кездеріңді.-дей келе сіздерге және отбасыларыңызға амандық тілейміз. Сөз кезегін ұстаздарға береміз.

Ғұлама, білгіш, ғалым да,

Оқушы жас жалын да,

Мархаббатты ойшыл да,

Мал өсірген қойшы да,

Жазушы да, ақын да,

Ғарышкер де, батыр да,

Мың бұралған биші де,

Ой тербеткен күйші де,

Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді! Мерекелеріңіз құтты болсын! Осымен біздің сырласуымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет! Сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.