Home » Поэзия » Ұстазыма

Ұстазыма

(56 жыл ұстаздық еткен әкем Серіков Дәрібайға арнаймын)

Өшпейтін есім – жанымның қалауы,

Қалдырған сөзі – ақыл-ой жалауы.

Өлеңмен өрген шағын сыйыммен,

Жалындап, лаула, ұстаз алауы!

 

Ел қамы үшін білім іздейді,

«Шәкірт жолына салам із», — дейді.

Болашағына сенімді ұстаз:

Толқыннан қорықпа, қарсы жүз!» — дейді.

 

Жеткенше шәкірт биік шыңдарға,

Түседі ол да талай сындарға.

Кетпесін ұстаз есіңнен мәңгі!

Ұмытпа оны, ұмытпа әнді!

 

Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы

№25 жалпы орта білім беру мектебінің

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі

Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.