Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр», — деп мұғалімнің ұлт пен ел болашағында алатын орнын ерекше атап өткен болатын. Сондықтан, педагог білімі мен білігі өте жоғары, әрдайым жаңалыққа дайын, жаңа асуларды бағындыруға жаны құмар, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мықты шебер болуы тиіс. Басқа мамандықтың біреуі де мұғалім мамандығымен тең келмейді, себебі, басқа мамандықтың барлығы осы мұғалім мамандығынан бастау алады.
Сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі белгілі. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет екені белгілі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алдымызға қойылған басты мақсат — білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Заман талабына сай, жаппай технологияландыру, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Міне, сондықтан, оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Сол себепті мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды, оларды кәсіби құзыреттілігі негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды. Оқыту барысында біз идеяларды дайын күйінде бермей, оқушылардың өз идеяларын ұсынатындай етіп ұйымдастыруымыз керек. Басты мәселе– қажетті ақпаратты игеру жолдары мен әдістерінде. Білім алушыны айналаны танып біліп, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп, білімін, тәжірибесін молайту жағдайына қоя білуге үйрету керек. Ең бастысы осындай жұмыстар арқылы оқушы ақпаратты қабылдап қана қоймай, сол қабылдаған ақпаратты талдап, бағалауға үйренеді. Әр оқушының жеке басының өсуін, білімін, жетістігін көруге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру әрбір басшыдан саналы көзқараспен саралауды талап етеді. Оқытушылардың өздігінен білімін жетілдіру қабілеттілігінің диагностикасы, ұстаздардың өз білімін көтеруге уақытының тапшылығы – негізгі кедергі деген ой туындатады. Осы себепті мектепте өткізілетін әдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі – күн тәртібінде тұрған мәселе. Әрбір ұстаз педагогика ғылымының, педагогикалық іс-тәжірибе жетістіктерімен таныстырылу керек, оны талдап, іс-тәжірибеде қолданып, тарату керек. Педагогикалық шеберлікті дамытып, озат педагогикалық технологияны енгізу керек. Жас педагогтардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керек. Ұжымның жұмысқа, оқытуға, тәрбиелеуге деген жалпы көзқарастарын бірізділікпен қалыптастыру қажет.
Мұғалімнің кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Бұл мәселеге әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субьект ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет. Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне тікелей байланысты. Сондықтан бұл жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» — кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу дегенді білдіреді. Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы.
Кобжасарова Ж.К.
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиал ы
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ
кафедраның аға оқытушысы