Home » Ашық сабақтар » Ұстаздық ұлы қызмет (эссе)

Ұстаздық ұлы қызмет (эссе)

Мұғалім мамандық болса, ұстаздық қызмет-табиғат дарытқан құдіретті қасиет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық сәуле, мұқалмас жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Өмірден өз орнын тапқан шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым — пәрменіңді, білім — білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта — ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса, асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды — көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім — кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының даму тарихындағы жасаған рухани, мәдени қазынасы, тәжірибесі, соның ішінде «көргенділік» деп аталатын адамгершілік, тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан — ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын тауып келеді. Қазіргі оқытудың мазмұны да, сипаты да, соған орай, амал — тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет — қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін шыңдаумен бірге педагогикалық — психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін.

Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім — үздіксіз ізденуші. Кез — келген тосын сұраққа жауап беріп, кез — келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс- мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай, кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану-басты ұстанымым.

Ұлы ағартушы ғалым, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміз, қазақ мектептерінің бар келешегі, көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін» деген пікірі бүгінгі күнгі мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі.

Мұғалім алдынан бір біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын ұстаздың «тактикасы». Өз ісіне шын берілген, мамандығының кәсіби шебері ғана «тентек» деген шәкірттің өзін өз пәніне қызықтыра алады. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу- сіз бен біздің үлесімізде. Осы орайда, сабаққа қабілеті орташа оқушыларыммен басқа бағытта жұмыстанып, пәніме тартқым келді. Сөйтіп, мектепте экологиялық тәрбие беру бағытында «Жас өскін» және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында «Денсаулық» топтарын құрдым. Бұл топтың қызметтерін биология пәнімен байланыстыруға тырыстым. Сабақтарымда тақырыптарға сай, топ құрамына тартқан оқушыларымның атқарған қызметтерін елеп, көп алдында кішкене ісі болса да, мадақтап отырдым. Осының арқасында оларға сенімділікпен қарап, жауапты жұмыстарды да жүктей алатын жағдайға жеттім. Олардың да пәнге деген қызығушылығы жаңа қырынан таныла бастады.

Ұстаз білім беру, тапсырма орындату, айтқанын тыңдату бағытындағы өзгермес ережелермен қатып қалмауы тиіс. Ол білім мен тәрбие бере жүріп, шәкірттің ең сенімді адамы болуы тиіс. Сондықтан сыныптағы әрбір оқушыммен тең дәрежеде сөйлесіп, өздерін еркін ұстауларына, ойын анық жеткізуіне ерекше көңіл бөлемін. Осы орайда тағы бір оқиға желісін өрбіткім келеді. 2012 жылы кабинетімде түстен кейінгі болатын сабағыма дайындалып отыр едім. Есікті тықылдатып, аяғын имене басып қара торы әйел кірді. Маған «Сіз Назгүл Бақтыгерейқызы боласыз ба?» деп сұраулы жүзбен қарады. Мен сабақ беретін оқушыларымның бірінің анасы шығар деп, басымды изеп жауап бердім.

Алдыңғы партаға кеп отырған әйел, қалтасынан дәптердің бүктелген бір бет парағын шығарып, «Мынау қызымның хаты, кір жуайын деп жүріп, қалтасынан тауып алдым. Оқып шығыңызшы…» деп маған ұсынды. Хатты оқи отырып, қыздың жалғызсыраған жанайқайын естігендей болдым. Менің оқып болғанымды көрген қыздың анасы «Мен қызымның тілегімен келіп отырмын. Ол өтпелі жаста, айналадағы ортасымен, мұғалімдерімен тіл табысуы қиын боп жүр. Сіз қазір уақытша сабақ беріп жүр екенсіз, сабақ кезінде оған жылы сөйлеп, өзіңізге тартатын көрінесіз. Өзіңіз сабақ беретін сыныптардағы қыздармен тең дәрежеде, құрбыларындай сөйлесіп, араласады екенсіз. Соған қызығады, сізге жақын болғысы келеді. Сондықтан психологқа да, сынып жетекшісіне де бармай, сізден көмек сұрай келдім. Сізге келгенімді қызым білмейді» депсөзінаяқтады. Әңгімежелісінтыңдайотырып, көз алдыма қара торы, бұйығы, талдырмаш қыз бейнесі келді. Мен қыз анасының өтінішін аяқсыз қалдырмайтынымды айтып, хатты сұрап алып қалдым. Бөлмеде жалғыздан-жалғыз, ойланып, ұзақ отырдым. Осы кезде тек мұғалім болудың аз екендігін, сонымен қатар, адам жан-дүниесінің арашашысы, рухани дем беруші жанашыры болудың да қажет екендігін түсіндім… Өзіме жауапкершілігі жоғары жүктің артылғанын сезініп, психологиялық әдебиеттерді, ғаламтор желісін ақтара жүріп, кешіктірмей үлкен дайындық пен қыздар жиналысы, сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткіздім. Азғантай уақытта.Әр сабағыма кірген сайын, сабақ бастамас бұрын, алдымдағы оқушылардың көңіл-күйіне назарымды аудару-қазіргі менің әдетіме айналды

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанынан нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болу-менің басты мақсатым боп қала бермек!

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» француз ойшылы Жан Жак Руссо.
Осы шағын мақаланы жазбас бұрын көп ойландым. Себебі  ұстаз үшін басты мақсат оның еткен- еңбегің мақтап қолпаштау емес, керісінше тигізер пайдасын дәріптеу екен. Қазіргі кезде аты шығып жүрген көптеген ұлы ұстаздар қауымы көп. Олардың жасаған бейнеттері, түлеп ұшқан шәкірттер жетістігімен сараланып отыр. Ұстаздық қызмет- абыройлы, себебі сан алуан. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын бірегей жан, ол есімі алтын әріппен жазылуға тиісті- Ұстаздар!Өзіме келетін болсақ, мен таныған, мен білген ұстаздарым қайталанбас тұлға іспетті. Себебі осы дәрежеге жеткізген де, күш- жігерімді арттырып отырған ол менің — ұстаздарым. Ендігі кезекте олардың еңбегің ақтау ол маған қойылған міндет, рухани тұрғыдан қарағанда парыз болып саналады. Ұстаздың еңбегі өшпес мұра, ұстаздан шәкіртке дарыған өнер, шәкіртке барып қонар! Ең бастысы Ұстаз сөзіне иіе болған  жандар өз кезегіңде аянбай еңбек етсе, оның тұтас Қазақ еліне тигізер пайдасы орасан зор. Себебі елдің ертеңгі өрісінің биік болуы, дүниетанымының кеңдігі дәл осы аяулы ұстаздарға тікелей байланысты. Ұстаз алдынан дұрыс бағыт алып шыққан әрбір шәкірт, қоғамдық өмірге бейімделе отырып сатылай қадам басатыңына кәміл сенемін!   Қазіргі кезде №53 «Мерей» балабақашасының осы жылдың жас сәбилерді тәрбиелеп  ұшырған жас түлектердің ұстазымын.

 

Даулетова Зәуре Танабайқызы
 
Астана қаласы, № 53 «Мерей»
балабақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.