Home » Білім және тұлға » Ұстаздық еткен жалықпас…

Ұстаздық еткен жалықпас…

Мұғалім мектепте басты тұлға. Ол өзі ісімен өзгеге үлгі болып, жетекшілік етеді. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болады.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықтың иесі Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ауезбеков Ералхан Теміханұлы. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,-десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Бүгінгі ұстаздың мақсаты – шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни бәсекеге қабілетті, көшбасшылық қасиеті басым етіп, тәрбиелеуі керек.

Осы мақсаттарға жету үшін Ералхан Темірханұлы аянбай еңбек етуде. Ол қалалық сайыстар болсын, ауыл арасындағы сайыстар болсын өзінің баптаған шәкірттерін сайысқа қатыстырып, жүлделі орындарға ие болады. Спорттың қай түрінің болса да, асқан шебері. Сонымен қоса сынып жетекшілік қызметінде қатар алып келеді. Сынып оқушыларымен түрлі тақырыптарда сынып сағаттары мен тәрбиелік мағынасы зор пікірталастар өткізеді. Қазақстанда алғаш рет өткізілген бүкіләлемдік 28-ші «Универсиада -2017» біздің мектебімізде де атап өтілді. Қазақстанның спортшыларына деген  ізгі ықыласымызды, олардың жеңісін қолдадық. Мәңгілік елдің ұрпақтарының білімі мен тәрбиесі ұстаздардың қолында. Мектебімізде осындай белсенді ұстаздар қатары көбейіп, әр түрлі іс шараларда жеңіске жете берейік!

Бисекеева Гаухар Зейноллаевна

Арқалық қаласы,

Жалғызтал ауылы,

Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі

білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.