Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы жақсы
ұстаздан болады.
А.Құнанбаев.
Халқымыз рухани байлықтың мұрагері. Бүгінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту — қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқымыздың өткен тарихи-мәдени мұраларын игере отырып, шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді. Осындай шығармашыл, бала тілін таба білетін ұстаз — Байдилова Маржанкуль Жақсыбайқызы. Тәжірибелі ұстаз Алматы қаласындағы хореография би факультетінде оқуын тәмамдады. Алғашқы жылдары балабақшаларда би сабағын жүргізіп, кейін әдіскер, әдіскерден басшы лауазымына көтерілді.
Кейінгі жылдары №6 балабақшада тәрбиеші қызметін атқаруда. Ата-аналарға сыйлы, балаларға мейірімді, мінезі бияз, салмақты жан. Отбасында үш балаға ана, төрт немереге қамқоршы әже. Ұстаз көптеген жылдардан бері балабақшада тәрбиеші болып жұмыс атқарды. Қазақстан Республикасының білім берудегі дамыту тұжырымдамасында «Білім беру деңгейлері мен мазмұнын анықтағанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту –үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі,-деп көрсетілген. Баланың бойындағы оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, әрбір Қазақстан азаматы санасынан шығармай, бүлдіршіндерін ата-баба дәстүрімен тәрбиелеп, адамгершілік құндылықтарды басты орынға қоюлары керек. Демек, әрбір жасөспірімге ел болашағы, буын жалғасы ретінде қарап, оның жеке жауапкершілігін ұштап, жастайынан қоғамда болып жатқан саяси үрдістер оқиғаларға саналы түрде қарауына мүмкіндік жасау керек. Балабақша – тәрбие бесігінің бірі. Қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі ретінде бағалап, балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық тәлімі бала тәрбиесінде өте маңызды.
Маржан Байдилова бүлдіршіндерге білім, тәрбие беруде өзінің еңбекқор, жауапкершілік қасиеттерін жан-жақты көрсетіп, сапалы білім, саналы тәрбие бере білді. Балабақшада басшы, әдіскер лауазымын да аса жауапкершілікпен атқарды.
Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады. Балабақша саласында көбінесе, ересек, даярлық топтарының бүлдіршіндерімен жұмыс атқарып, бірнеше жас жеткіншектерді, яғни түлектерді ұшырды, мектепке шығарды. Қазіргі кезде ол бүлдіршіндер мектепте «4» пен «5»-ке оқиды. №3 «Жас» дарын» гимназиясы, дарынды балаларға арналған №10 мектеп-лицейі Н.Ә.Назарбаев мектептері сияқты беделді білім ордаларында білім алады.
Тәрбиеленушілердің көпшілігі әртүрлі үйірмелерге қатысады: біреулері — биші, біреулері — спортшы, біреулері — шахматшы — сегіз қырлы, бір сырлы. Мектеп қабырғасында жүріп, олимпиада жүлдегерлері атанып, балабақшада қалыптасқан білім-біліктерін, өнерлерін енді әрі қарай шыңдап жүр. Өз білімін жетілдіру тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға экология тәрбиені дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру.
Маржанкуль Жақсыбайқызы №-6 балабақшада әдістемелік бірлестік мүшесі, жастарға үлгі берер беделді ұстаз. Қашанда көңілі жарқын, біреуге қолұшын беруге даяр тұрады. Жас өспірімдерді қашанда Қазақстан Рәміздерімен, қалаларымен таныстырып, мақтанышпен қарауға, ана тілін, табиғатты сүюге, Отанды сүюге, қадірлеуге, өзін қоршаған ортасын қастерлеуге көп мүмкіндік жасап отырады. Маржанкуль Жақсыбайқызы – алдына келген әр сәбиді өз баласындай сүйетін, сонымен қатар, өз мамандығын сүйетін патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл, терең білім берер педагог. Бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беруде көптеген жаңашыл технологияларды қолданады. Оқу әрекеттерін қызықты, жаңажыл, ойын түрінде өткізеді.
Үлгілі ұстаз өз жұмысында Монтессори, мнемотехника, Дьенеш, Н.Зайцева, «Step by step» т.б. жаңашыл әдіс-тәсілдерді көптеп қолданады. Мектепке дейінгі мекеме Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Осы әдістемеге жалғас болатын, әрі қарай бастауыш мектепке оқуға баланы бейімдеп, мектепте білім алуға жағдай жасауға бағытталған, Вальдорф педагогикасы.
Вальдорф педагогикасының міндеті – рухани еркін тұлғаны тәрбиелеу болап табылады. Бұл жүйеде шығарамшылық заңдары табиғат заңдарынан бастау алып, адамның рухани өмірінде көрініс табады.
Ұстаз — Маржан Жақсыбайқызы көптеген Алғыс хат, Мадақтамалармен мадақталған. VI республикалық сайыста «ең үздік әдістемелік әзірлеме» аталымы бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Астана қаласында өткен «ең үздік сабақ конспектісі» номинанты атағын алып, ІІІ орынды, Халықаралық шығармашылық конкурсында І орынды иеленді. Әрқашанда өз білімін, біліктілігін көтеріп, әрқашанда ізденіс үстінде. Өз мамандығының жемісін көруде.
НУРАХМЕТОВА Альмира Сапарбайқызы,
№6 сәбилер бақшасының тәрбиешісі
Павлодар қаласы