Балабақшам базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты — демекші ұстаз тәрбиеші жаратылысынан өзіне айтылғанның барлығын жете түсіне білген, көрген, естіген, аңғарған нәрселердің барлығын жадында сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Әл-Фараби айтқандай өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керке деген.
Ұстаз-жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін,халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі,рухани сәулеткері, әрі білім беретін оқытушы. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне жылулық ұялататын, гүл егетін, бала жанының бағбаны аяулы ұстаз-тәрбиешілер емес пе?
Ұстаз-ұлағатты ұғым, қасиетті сөз, әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса,соның бірі әрине — Ұстаз. Қазақ баласы үшін «Ұстаз» қашанда қасиетті, қадірлі ұғым болған, болып та қала береді. Қазақта мынандай бір құлаққа жағымды естілетін «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаз алдын көрген»- деген сөздер ұстаздар үшін айтылған.
Алғаш әріп танытып,өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған Ұстаз бейнесі көңіл төрінен үлкен орын алары анық. «Өмір»- атты үлкен теңізге жаныңа білім дәнін сеуіп, қатайтып ұшырып шығарып салады. Сол үшін көп еңбек етіп, тер төгеді. М.Әуезов айтқандай уақытпен санаспай, шәкірттердің болашағы үшін, аянбай жұмыс жасасаң еңбегің еш кетпейді. Болдым, толдым, бәрін білемін деуге болмайды. Қазіргі заман талабына сай шәкірттерге заманауй тұрғыда үнемі алға жылжи отырып, жаңа заманның,жаңа адамын тәрбиелеу керек, ол үшін өз білімін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу мәдениетімен, эмоцианаолды дауыс ырғағымен ұжым, шәкірт алдында үлгілі бола білуі қажет. Осы жауапкершіліктен қашатын,жас маман иегерлері ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүріп ақша тапқылары келеді. Алдындағы тәрбиеленуші шәкірттеріне дұрыс бағыт-бағдар білім бере білмесе ол адамнан қандай маман шықпақ.
Біздің №14 «Балдырған» бөбекжайын басқарып отырған Айгуль Дюсенбаеваның басшылығымен былтырғы 2017-2018 оқу жылында көптеген іс-шаралар өз мәресіне жетті деуге болады. Оқу жылының басында біздің бөбекжайымыздың ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру аясында 1-ші желтоқсан тұңғыш президент күніне орай бөбекжайымызда Мұражай ашылды. Желтоқсан айында үлкен қалалық «Сахналау әдіс-тәсілдері» атты семинар; ақпан айында №12 «Салтанат» бөбекжайында қалалық «Жыл тәрбиешісі-2018» байқауына тәрбиешіміз Асанова Ж.Т.; наурыз айында №1 «Көктем» бөбекжайында қалалық «Ең үздік ауыл» байқауына қатысып 1-ші орынды иелендік; сәуір айында №7 «Айгөлек» бөбекжайында қалалық «Салауатты ұлт-Қазақстан болашағы» атты қалалық спорт сайысына қатысып; мамыр айында №13 «Ертөстік» бөбекжайында өткен «Педагог кеше, бүгін, ертең» атты семинарға біздің ұстаз-тәрбиешілеріміздің еңбегін атап өткім келеді. Ал бөбекжай тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына да алғысымыз шексіз. Өйткені,сәуір айында Қарағанды облыстық «Маленькая страна» балалар шығармашылық ән-би байқауыда 1-орын хореографиядан, 2-орын вокалдан иеленіп, мамыр айында Астананың 20-жылдығына орай Республикалық «Жұлдызай» байқауна қатысып вокалдан 1-орын, хореографиядан 2-орынды қанжығамызға байлап қайттық және оқу жылының соңғы күндерінде балалар күні мерекесіне орай Астананың 20-жылдығына арналған Қарағанды қаласында облыстық «Еркетай» балалар ән-би шығармашылық фестиваліне қатысып әр бала жүлделі сыйлықтарды иеленіп қайтты.
Қорыта келгенде, сіздердің алдарыңызда құрметті Ұстаздар өмірге құштар, жас өркендеріміз отыр, сол өркендерге қанатын кеңге жаятын жаңа заманға сай намысты, жігерлі ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатайық. Қазақ елін, қазақ жерін сүйетін, қорғайтын, көк туымызды көк аспанда желбірететін патриотты тұлға өсіруге бір кісідей атсалысайық әріптестер. Құрметті Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін!
Кисибаева Светлана Кундизбаевна
Жезқазған қаласы, КМҚК №14 «Балдырған»
бөбекжайы әдіскері