Home » Бес сауал » Ұстаздар қауымы жарқын болашаққа сенімді

Ұстаздар қауымы жарқын болашаққа сенімді

Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінің мұғалімдері «Нұр Отан» ХДП-сын қатарына ел мүддесін қолдайтын азаматтар ретінде қабылданып отыр. Былтырғы оқу жылында аталған ұжымының көптеген мұғалімдері партия қатарына қабылданған болатын. Мұғалімдердің партия қатарына мүшелікке өтуі салтанатты түрде өткізілді. «Нұр Отан» ХДП-сы қазіргі күнде барша халықтың сеніміне ие бола отырып, халық игілігі үшін қыруар жұмыстардың атқарылуына мұрындық болып отыр.

6356«Нұр Отан» ХДП-ның Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Сеитов А.М. мұғалімдердің партия қатарына кіруіне байланысты жиындағы сөз кезегінде: Жас ұрпақты тәрбиелеуде және қоғамдық жұмыстарды атқаруда ұстаздар қауымының зор еңбегін айтып өтті. Сонымен қатар мұғалімдер қауымын партия қатарына өтуімен құттықтай келе, партиялық билеттерін табыстаған болатын. Ұжым мұғалімдерінің толықтай партия құрамына өтуі болашаққа деген нық сенімдерін білдіртсе керек. Шын мәнінде де Елбасы төрағалық ететін саяси партияның бүгінде білім саласымен қатар өзге де саяси, әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз.

2563Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Өркениетті елдердің қатарына өтуде заман талабына сай білім беру қажеттігін» — айтқан болатын. Ел болашағының жарқын болуын жүзеге асыруда ұстаздар қауымының иығына түсер жүк жеңіл емес екендігі анық. Өз кезегінде ұстаздар қауымы да мемлекеттік бағдарламалар бойынша үнемі қолдау тауып келеді.

№59 мектеп-лицейі ұжымы үнемі жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Ардагер ұстаздар мен жалындаған жас мамандардың өзара үйлесімді жұмыстары арқасында жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде бірізділік дұрыс жолға қойылған. Болашақ ұрпаққа тағылымды тәрбие мен білім беруде мұғалімдер қауымы ел болашағын айқындайтын нақты қадамдарды басшылыққа алады. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының құрамына мүшелікке өте отырып ұстаздар қауымы болашаққа деген сенімдерін арттырды әрі ел мүддесін қолдайтындықтарын білдірді.

Ө.Р. Шнанов №59 мектеп-лицейінің

тарих пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.