Қазіргі таңда білім беру жүйесіне реформалардың енуі осы саладағы үлкен өзгерістер мен жетістіктерге әкелетіні белгілі. Ол үшін әр мектептің көшбасшылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасаулары керек. Бұл тұрғыда «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ ұстаздары жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгеруде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздарының озық тәжірибелерін пайдалана отырып, екі жақты тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді. Қос білім мекемесі ұстаздары өздерінің жеке кәсіби қоғамдастықтарын құрып, өзара тәжірибе алмаса отырып жұмыс атқаруда. Оқушылар білімі жағынан жоғары нәтижеге жетуде мектептер арасында оқыту мен оқу үдерісін жаңартылған білім мазмұнында жетілдіру, іс – әрекеттерді бірлесе жоспарлау, жүзеге асыру мақсатында қоғамдастық мүшелері өзге де мәселелер мен проблемаларды шешуге, сондай – ақ, жаңа идеялармен алмаса алады.
Осы мақсатта зияткерлік мектеп ұстаздары жаңартылған білім беру бағдарламасына сай өз тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздарына арнап, түрлі семинар, практикумдар өткізіп отырады. Мәселен, жуырда зияткерлік мектептің биология пәнінің мұғалімі Э. Қожахметовамен бірлескен сабақ өткізу жоспарланды. Сабақты өткізу алдында Эльмира Ошанқызы сабақты бірлесіп жоспарлау және кері байланыс арқылы бізді кәсіби тұрғыда ынталандырып, әдістемелік көмек көрсету үшін бірнеше мәрте кездесе отырып жоспарладық, Жуырда бірлескен екі сабақ 8 сыныптарда өткізілді. Сабақты 8 «Ә» сыныбында В.Азизова, 8 «Б» сыныбында А.Архыматаева жүргізді. Оқушыларымыз жаңа тақырыпты зертханалық жұмыс жасау арқылы меңгеріп, оқу мақсатына жете білді. Сабақты жоспарлауда бізге Эльмира Ошанқызы тарапынан әдістемелік көмектер көрсетілді. Алдымызға қойылған оқу мақсаттары орындалып, сабағымыз нәтижелі аяқталды. Сабақты бірлестік мүшелерімен бірге қорытындылап талдадық. Сабақ әріптестер тарапынан қолдауға ие болды. Сабаққа қатысқан ұстаздардың және мұғалім-тьютор Эльмира Ошанқызы тарапынан бірлесе сабақты өткізу ұстаз тәжірибесін сынау емес, қолдау көрсету екендігіне көзіміз жетті. Жаңартылған білім мазмұны бойынша алдағы уақытта да әдістемелік көмек ала отырып, іс-тәжірибемізді жетілдіру және бірлескен сабақтар өткізуге дайынбыз деп айта аламыз.
А.Архыматаева, В.Азизова,
«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ биология пәні мұғалімдері