Ең әуелі балаларға панамыз.
Жарымызға жылу берер дарамыз,
Әрбір үйдің шаңырағын жайқалтқан
Ақ пейілді, адал жанды анамыз.
Ұстаздықтың жолын жүріп барамыз,
Үйретумен қалыптасқан санамыз.
Кіп-кішкентай жүрегінде сәбидің,
Мәңгілікке ұстаз болып қаламыз.
Жалықпайық үйретуден баланы
Тәрбиелейік ұрпақты біз саналы.
Жүріп өткен ұстаздықтың жолында.
Ізі қалсын даналықтың бағалы.
Асыл анам, ақ сүт берген мәпелеп,
Үйреттің әке бар жақсыны әріптеп.
Сіздерді, мына құрмет тұтар балашың,
Адалдықпен, даналықты дәріптеп.
Ақ сүтіңнен тектілік бізге тараған,
Балаға жақын жан бар ма анадан.
Бар білгенін аямаған біздерден,
Балаларын бақытым деп санаған.
Бар жақсыны үйрендік біз сіздерден.
Анашымның күлім қаққан жүзінен
Шаңырақтың берекесі сезілер,
Әкешімнің, қоңыр жұмсақ үнінен.
Біз үшін асқар асу таудайсыңдар,
Мақтанышым үлгі тұтар жансыңдар.
Сыйдырған бар жақсыны жүрекке
Тірек болар биік бір таудайсыңдар.
Әли Ләйлә Жұмабайқызы
№17 Ертөстік балабақша
Спорт нұсқаушы
Астана қаласы