Home » Мақалалар » ҰСТАЗДАРДЫҢ   ҰСТАЗЫ

ҰСТАЗДАРДЫҢ   ҰСТАЗЫ

Тіршілікте ғибратты ғұмыр кешіп, өмірде де, таңдаған салаңда да өз орныңды табу – жалпыға бұйырмас зор бақыт. Қарымды еңбек ету – ол да бір береке бастауы, тұлға болып қалыптасу – əркімге парыз. Тек ізденіс пен күрескерлік, талап пен табандылық қана адамды парықты істің парасатына бөлейді. Міне, осындай ізгі мұрат жолында іргелі іс атқарып, ұстаздардың ұстазы болып жүрген Фазлыева Кульжаухар Какишевнаның өмірі мен шығармашылық жолы ізденіске толы.

Кульжаухар  Какишевна 1958жылы 19 желтоқсанда Алматы  облысы  Талғар  ауданы Калинин  ауылында дүниеге  келген. Еңбек  жолын 1976-1984жж. Алматы қаласы №163 балабақшасында тәрбиеші болып  бастаған. 1983жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар институтын педагогика және психология (мектеп жасына дейінгі) факультетінің «Мектеп жасына дейінгі  педагогика және психология мұғалімі, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешісінің әдіскері» мамандығын, 2003 жылы «Дарын» әлеуметттік –гуманитарлық» институтын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультетін бастауыш сынып мамандығы бойынша аяқтады. 1984 жылдан бастап АОПҚБАИ,бүгінгі  таңдағы «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы  облысы  бойынша  педагог  қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру  инститтутында «Басқару және  білім  сапасы» кафедрасында аға  оқытушы  қызметін атқаруда.Осы  жылдар  аралығында   оқытушы тек елімізде  ғана  емес шет  мемлекет терінде  де  біліктілігін  арттырып  тәжірибесін  шыңдаған. Атап  өтсем,  Ұлыбритания мемлекетінің Рединг Университетінде «Ақпаратық коммуникативтік технология білім беру жүйесінде» тақырыбында 2013 жылы курстан өткен.

Ұлыбритания, 2013ж.

2013 жылы Мәскеу  қаласында А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік   орыс  тілі  институттында   біліктілігін  жетілдірсе, 2017 ж. аталған  қалада «Развитие преподовательской деятельности педагога» тақырыбында  өткен курста біліктілікті  арттырған.

Оқытушының тынымсыз еңбегінің арқасында талай  жеткен  жетістіктері де аз  емес: 1997 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру  ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

  • 1988, 2004, 2007, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014 жж. АОМКДИ –ның Құрмет грамотасымен;
  • «Білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақты мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару» халықаралық семинарында «Шағын комплекті мектептің ерекшеліктеріне сай педагог кадрларды дайындау және біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту» тақырыбында секция жұмысында жасаған мазмұнды баяндамасы үшін ББЖҚБРИ –институтының дипломымен;
  • 2011ж. Алматы облысының білім басқармасы Құрмет грамотасымен
  • 2014 жылы шілде – тамыз аралығында өткен Республикалық «ПҚ БА курстарының үздік жаңартылған, үздік жаңа бағдарламасы, үздік оқу әдістемелік кешені» атты сырттай байқауға қатысқаны үшін сертификаттымен;
  • 2014ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы «Құрмет грамотасы»  .
  • 2015 жылы «Деңгейлік бағдарлама идеяларын педагогикалық тәжірибе аясында жүзеге асырудың жүйелі амалдары» атты республикалық семинарда дипломен;
  • 2017 жылы «Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану» атты Республикалық аймақтық семинарға белсене қатысып тәжірибемен бөліскені үшін Біліктілікті арттырудың Қазақстандық өңіраралық орталығының құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен  қатар,2017  жылы  Ы.Алтынсарин  медаліне  иегері  болды.

Кульжаухар  Какишевнаның мектепке дейінгі тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде  шығарылып таратылған 38 әдістемелік  құралы,  пегагогтар практикасында кең көлемде пайдаланылады. «Математика», «Дуниетану», «Әдебиеттік оқу» нәндеріне негізделіп таңдау пәнінің авторлық бағдарламаларды  шығарған.

Сонымен  қатар, Іле ауданы №9 орта мектептің Алматы обылысы бойынша «Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық компетенттілігін дамыту» тақрыбында  эксперементтік алаңының жетекшісі. Бұл  эксперементте «Бастауыш білім беруде  оқушылардың  ақпараттық  құзыреттілігін дамыту» тақырыбында  жүргізілуде.  Эксперименттік-тәжірибелік жұмысты «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Т.Қ.Ауелгазина   эксперимент жұмысының барысына ғылыми жетекшілік жүргізеді. Эксперимент жұмысының жүргізу барысы жәйлі бастауыш сынып және информатика пәнінің мұғалімдерінің, мектеп директорларының оқу әдістемелік жөніндегі орынбасарлары,аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысыуымен  семинарлар, шебер сынып әдістемелік кеңестер жоспарлы түрде  өткізіліп тұрады.

2016 жылы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Халықаралық емтихан кеңесі және Кембридж универститетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мүғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлеміндегі тренерлерді  оқыту курсын аяқтады. Бүгінгі  таңда  осы бағдарлама  бойынша  тренерлік  қызметін  адал  атқарып  келеді.

Жаңартылған білім  беру  бағдарламасы  курсынан көрініс,2017 ж.

Өткізілген курстардың қорытындысы  «Өрлеу» АҚ филиалы Алматы обылысы бойынша ПҚБАИ –ның сайтына,жақсы пікірлерін, ағыстарын мұғалімдер обылыстық, республикалық баспа бетеріне жариалаялануда. Өз  тәжірибесімен тренер  Республикалық журнал, газеттерде  бөлісіп  отырады. Мысалы,жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы аясында «Бастауыш мектеп», «Білім көкжиегі», олыстық «Жетісу», «Ізгілік» баспа бетерінде мақалалары  жарияланған.

Ұлтымызда «алтын сүйген азады, халқын сүйген оза­ды» деген аталы сөз бар. Ұстаз ұлағатын сезініп, адамгершілікті ар тұтқан, адалдық жалауын желбіретіп жүрген Кульжаухар  апай жанындағыларға қолдау  көрсетіп, жастаға өнеге, ұстаздардың нағыз  ұстазы  болып  жүрген  жандардың  бірі  деп  есептеймін.

 

 

 

Байузакова А.К.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

 «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ » 

Басқару және білім сапасы кафедрасының

аға оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.