Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат Қарағанды облысында үш тілді білім беруді алғаш болып қолға алған білім ошағы. Кілең білікті ұстаздар командасы қалыптасқан бұл мектептегі беделді мұғалімнің бірі Викторов Виталий Владимирович. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қос тілді меңгеріп шыққан. Алғаш еңбек жолын 2010 жылы Н.Нұрмақов мектебінде бастаған Виталий сегіз жылда өзін сан қырынан таныта білді.
Бірнеше тілді еркін меңгерген ұстазды әр оқушысы ұлағат тұтады. Виталий Владимирович ағылшы тілінен мұғалім болып қызметке тұрғалы мектеп оқушыларының ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігі артқан. Талапшыл ұстаз әр оқушымен жекелей тіл табыса алады. Сондықтанда болар оқушылар қолдары қалт еткенде Виталий мұғалімнің жанынан табылуға асығады.
Бүгінде білікті ұстаздан дәріс алған талай шәкірт халықаралық деңгейде сынақтан өтіп, IELTS емтиханын үздік тапсыруда. Ағылшын тілі мұғалімінің жетекшлігінде болған талай жеткіншек Қазақстандағы жоғары оқу орындарын ғана бағындырып қоймай, Еуропада білім жетілдіруде. Тынымсыз еңбегінің арқасында талай белестерді бағындырған Виталий авторлық бағдарлама бойынша өткен республикалық байқауда бірінші орын иеленген, Новосибирск іден келіп тәжірибе алмасар студенттерге бірнеше мәрте халықаралық деңгейде жетекшілік еткен ұстаз, педагогтардың базалық деңгейде біліктіліктілік арттыру курсын тәмәмдаған. Тіл меңгеру жолында тер төге жүріп талай жұрттың тілін ұғынған Виталий үшін қазақ балаларымен жұмыс жасау еш қиынық туғызған емес.
Мұғалім мен оқушының ортақ тілі – ағылшын тілі. Олар сол тілде сөйлесіп сөздік қорын молайтады, сол тілде түсірілген фильмдерді бірге тамашалап ортақ талдар тақырып табады, сол тілде ойындар өткізіп, ойларын жетізеді. Бұл өз кезегінде тәжірибелі ұстаздың оқушы жүрегіне жеңіл жол табар тәсілі. Сондықтанда болар әр оқушының Виталий мұғаліммен кез келген тақырыпта қозғар әңгімесі қызықты. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшақ әр жылғы түлектер Виталий Владимировичпен қимастықпен қоштасады. Мектеп қабырғасында қалыптасқан бұл достықты әр шәкірті үзбеуге тырысады.
Олар жоғары оқу орындарында оқып жүрседе, диплом алып қызметке кірседе баяғыша қолдары қалт еткенде Виталий мұғалімдерімен қауышып тұрады. Олардың әр кездесуінде әркім осы жолда, тіл меңгеру жолында жеткен жетістіктерін айтып ұстаздарын қуантуға асығады.
Әсел Сабитова,
Қарағанды облысы.