«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген,
бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан,
имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,
өсіру, білім беру, бүгінгі таңда отбасының,
балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті.
Н.Ә.Назарбаев
Ұрпақ тәрбиесі халқымыздың ұлттық тағдыры, ұлттың болашағы. Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің деңгейі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, тарихын, дінін, салт-дәстүрін құрметтеу балалардың бойына қалыптастыру, парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу және басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, патриотизмді нығайту.
Атадан балаға мұра болатын ұлттық салт-дәстүрлерді бойына қалыптастыру. Ендеше, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» отбасынан бастау алып балабақшамен мектептерден жалғасын табады.
Ұлттық тәрбие:
- «Отбасындағы ұлттық тәрбие»
- «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»
- «Мектептегі ұлттық тәрбие» — деп бөліп талқыланады.
1.Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар.
Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талабына сай балалардың жас ерекешеліктеріне байланысты жаңартылып, толықтырылған.
Міне, бұл орайда ұлттық салт-дәстүрді үйрету оқу қызметінде және мерекелік күндерде (Наурыз мерекесінде, Тәуелсіздік күнінде) көрсету үрдіске айналып келеді.
«Қазақ тілі – ұлтымыздың болашағы» болғандықтан тіл дамыту, көркем әдебиет оқу- қызметтерінде тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны балалардың санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды қолданып, «Алдар Көсе, Қожанасыр» сынды ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты амал-тәсілдерді қолданамыз. Сондай-ақ балаларымыздың бойына «Наурыз мерекесінде» әр түрлі салт-дәстүрлерді көрсету арқылы ұлттық салт-дәстүрлерді сіңдіреміз. Мысалы, «Тұсаукесер», «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Қол күрес» жас ұрпақтың бойына тек қана салт-дәстүрлерді сіңірте қоймай, сонымен қатар Отанымыздың жеткен тәуелсіздігінің қалай келгендігін жас балғындарға ересектер сияқты түсіндіре алмайсың. Сондықтан осы жолда «Тәуелсіздігім – тірегім», «Ұлт болашағы – ертеңгі ұрпақта» атты тақырыптарды оқу қызметінде өткіземіз. Ол болашақ ұрпақты ұлтын сүйе білуіне мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан еліміздің тарихы мен тәуелсіздігінің тартуы – рәмізімізді таныстыруға мол мүмкіндік туғызады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы танымдық және практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты оқыту барысында әр түрлі технологиялық әдістерді, бейнелеудің әртүрлі нұсқауларын пайдалану балалардың шығармашылық дамуына негіз болады. №162 бөбекжай – балабақшасында жаңа технологияларды пайдалана отырып, дәстүрден тыс бейнелеу өнері «Түстер әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша «Ертегілер әлемі» жобасына сүйене отырып ашық оқу қызметтер аудан, қала көлемінде көрсетілді. «Мнемо кесте» арқылы тақпақ жаттату. Тақырыбы: «Алматы гүл қала».
Сонымен қатар, «Монотипия» әдісі бойынша өткізу. Тақырыбы: «Алма ағашы».
Жыл сайын №162 бөбекжай-балабақшасының ұжымы мен ата-аналар бірлесіп, балаларды қорғау күніне орай «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс-шарасын өткізіп келеді. Шара барысында балабақша тәрбиешілері мен өнерлі бүлдіршіндердің қатысуымен концерттер беріліп, балалар қолымен сыйлықтар жасайды.
Еліміздің ертеңгі болашағы – өсіп келе жатқан жас ұрпақ балғындарын ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау басты міндетіміз. Алға қойған мақсатымызды орындай отырып, егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде баршамыз тыңғылықты, үздіксіз еңбек ету жолындамыз.
Казбекова Казна Кулбаевна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы.
МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасының
І-санатты тәрбиешісі.